Жаңалықтар

"Дипломдық жұмысын қорғады ма?": Қайырбекова өзін сынаған сенаторға жауап берді

  • Мұрат Бақтиярұлы, Анар Қайырбекова.Коллаж: Neonomad.kz

    Мұрат Бақтиярұлы, Анар Қайырбекова.Коллаж: Neonomad.kz

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Анар Қайырбекова өзіне қатысты 16 тәртіптік іс қозғалғанын айтқан сенатор Мұрат Бақтиярұлына жауап берді деп хабарлайды kaz.nur.kz.

Жақында сенатор Мұрат Бақтиярұлы Анар Қайырбекованың үстінен бұған дейін 16 тәртіптік іс қозғалғанын айтқан болатын. Осыған байланысты Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Анар Қайырбекова сенаторға жауап жолдады. Ол өз сөзін Facebook парақшасында жариялады.

"ҚР парламенті сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлының маған қатысты жасаған мәлімдемесіне байланысты менің үстімнен ешқандай да 16 тәртіптік немесе қылмыстық істің қозғалмағанын және бірде-бір мәрте әкімшіліктік жауапкершілікке тартылмағанымды хабарлаймын.

16 рет тәртіптік, қылмыстық немесе әкімшіліктік жауапкершілікке тартылғаным туралы шешімдірдің бар екенін сенатор мырза құжаттармен дәлелдей ала ма? Жоқ! Сондықтан сенатор Мұрат Бақтиярұлы өз мәлімдемесін сенімді және тексерілген ақпаратқа сүйеніп таратқаны дұрыс болар еді", - деді ол.

Қайырбекева заңгерлік білімі бар сенатор құрғақ сөзбен әрі дәлелсіз, жалған мәлімдеме жасау арқылы қылмыстық жазаға тартылатынын жақсы білуі керек деп есептейді.

"Ол маған кейбір вице-министрлерге байланысты арыз жазды, дау қуды деген кінә таққысы келеді. Иә, мен ҚР Білім және ғылым министрлігіндегі бюджет қаржысын жұмсауда көптеген заң бұзушылықтар жіберген бір топ шенеуніктерге және вице-министр Ф. Жақыпованың докторлық диссертациясының плагиаттық екенін дәлелдеген фактілерге байланысты құқық қорғау органдарына ресми түрде жүгіндім. Өйткені мен мемлекеттік қызметкер болғандықтан "ҚР Мемлекеттік қызмет туралы" заңына сәйкес кез келген сыбайлас жемқорлық қылмысына бөгет болып, ол туралы хабарлау міндетім деп білемін.

Білім саласындағы этикалық нормаларға мазасызданған сенаторды мына бір факті де қатты ойландыратын шығар деп ойлаймын. Мұрат Бақтиярұлы Қазақ Мемлекеттік заң академиясының Қызылорда филиалының директоры қызметін атқарып жүргенде дәл осы оқу орнының дипломын, яғни, өзінің үшінші мамандығының дипломын алған. Енді жоғарғы оқу орнының директоры өзі басшылық етіп отырған оқу орнының дипломын алу қаншалықты этикаға жатады? Сонда қалай, ол сабаққа күн сайын келіп қатысты ма, қызмет жағынан өзіне бағыныштыларға емтихан тапсырды ма, дипломдық жұмысын қорғады ма?

Осыған байланысты оның диссертациялық еңбегіне байланысты да сұрақ туындайды. Яғни, бірнеше дипломның иесі және бірнеше ғылыми дәрежесі бар сенатордың ғылыми еңбектерін де плагиаттыққа тексеріп көргеннің ешқандай артықтығы жоқ.

Сондықтан, сенатордың бұл мәлімдемесі жалаға құралған және менің іскерлік абырой-беделімді түсіру мақсатында тапсырыспен жасалған сияқты. Маған жала жапқаны үшін Мұрат Бақтиярұлын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ҚР парламенті сенатының этика жөніндегі Комиссиясына өтініш жолдадым", - деп жазды ол.

 




Көрілген: 1166    Пікірлер: 0

сейсенбі, 26.11.2019, 21:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Маусым, 10:40
    Арман алға жетелейді
    7 Маусым, 19:31
    Өнерлінің өрісі кең
    1 Маусым, 15:52
    Балаларға базарлық!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31