Жаңалықтар

"Директор алдап соқты": Жаңақорғанда колледж қызметкерлері шу көтерді

  • Фото: Facebook/janakorgankolledj

    Фото: Facebook/janakorgankolledj

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы аграрлы-техникалық колледж қызметкерлері мекеме басшысының үстінен екі министрге ұжымдық арыз түсірді. Олар жұмыс беруші тарапынан әділетсіздікке ұшырағандарын жазған. Колледж қызметкерлерінің сөзінше, олар бір жыл бойы штаттық бірлікті 0,5 жүктемеге түсіру арқылы жұмыс істеуге мәжбүр болған. Арызда директордың қызметкерлерді қайта-қайта қысқартумен қорқытқаны жазылған. Айтуларынша, колледж басшылығы оларға жарты жүктемемен уақытша жұмыс істей тұратындарын айтып, алдап соққан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

 

Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінің бірқатар қызметкері мекеме басшысымен арадағы еңбек қатынастарының бұзылғанына сенімді. "Былтыр 10 қаңтарда колледжде кезектен тыс жиналыс болды. Күн тәртібінде ҚР Білім және Ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 қарашадағы №597 бұйрығына сәйкес, жан басына шаққандағы қаржыландыру мәселесі тұрды", - делінген ұжымдық арызда.

 

Дегенмен қызметкерлердің сөзінше, бұл жиналыстағы басты мәселе колледждегі заңсыз жұмысқа орналасқандарды қысқарту жайында болған. Алайда жиналыста ол туралы сөйлеуші болмағаны белгілі болды.

 

"Облыстық білім бөлімінің сол кездегі басшысы М.Мелдебекова №77 штаттық кестеге сай көрсетілмеген 16 маманның жұмыстан біржола қысқартылатынын айтты. Қорыта келе, жалпы жиналыстың шешімімен біз өндірістік оқу шеберлері мен зертхана меңгерушілері штаттық бірлікті 0,5 жүктемеге түсіру арқылы жұмыс жасауға келісім бердік. Қысыммен, мәжбүрлі түрде қол қойдық. Бұл келісімді берген себебіміз жиналыс төрағасы М.Мелдебекова мен колледж директоры Ж.Шауенов 2020 жылы қыркүйек айынан 0,5 жүктемені қайтадан өзімізге қосып, толықтырып беретіндіктерін және толықтырмайынша жаңадан маман алмайтындығы туралы уәде берді", - дейді ұжым мүшелері арызда.

 

Аталған жиналыстан соң үш күн бойы қызметкерлерге хаттаманың соңғы бетіне "келісемін" деп қол қойдырып алғаны жазылған. Арыздағы сөзге сенсек, шын мәнінде олар өздерінің не үшін қол қойып жатқанынан бейхабар болған.

 

Арыз иелерінің айтуынша, бұл жерде еңбек заңнамасы өрескел бұзылған. Арызда жазылғандай, оларды штаттан артық қызметкерлер қатарына кіргізіп қойған.

 

"Сонда біз ондаған жылдар бойы заңсыз қызмет атқарсақ, қаржылық бақылау осы уақытқа дейін не қарап отырған?" - деп сұрайды әділет іздеген колледж қызметкерлері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агентігінің төрағасы Алик Шпекбаевтан.

 

Ал бұрынғы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовке олар басшылық уәдесіне сеніп, жүктемесін қысқартуға келісім бергендердің тізімін жазып жіберді.

 

Олардың қатарында баласы 3 жасқа толмаған аналар, 3 топ мүгедегі, отбасының жалғыз асыраушылары, көп балалы аналар,отбасында мүмкіндігі шектеулі баласы барлар, еңбек өтілі 30 жылдан астам азаматтар, зейнеткерлік жасқа жақындаған азаматтар бар.

 

Колледж қызметкерлерінің ойынша жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесіне көшу үшін алдымен оны ұжымға таныстырып, кезең-кезеңмен аяқ басқан жөн.

 

Ұжымдық арызға Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасы жауап берді. Басқарма Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынын шағын кәсіпкерлікке жататынын жазған. Мекеме Ұлттық экономика министрлігі кәсіпкерлік субъектісінің санаты туралы анықтамаға сілтеме жасаған. Облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасы заңға сүйене келе, аталған колледжді тексеруді барып жүргізу президент жарлығы бойынша 2023 жылға дейін тоқтатылғанын мәлімдеді.

 

"ҚР Президентінің 2020 жылдың 26 желтоқсандағы "ҚР тексерулерді және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы" № 229 Жарлығына сәйкес орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар тарапынан 1.01.2020 - 1.01.2023 жылға дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін тексеруді және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізу тоқтатылған", - деп жауап берді Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасы.

 

 

 




Көрілген: 654    Пікірлер: 0

сейсенбі, 09.02.2021, 16:53

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Наурыз, 16:06
    Тарихи күн

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30