Жаңалықтар

Докторанттардың шәкіртақысы 260 мың теңге болады – БҒМ

  • https://altaynews.kz/

    https://altaynews.kz/

2025 жылы докторанттардың шәкіртақысы 260 мың теңге болады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

– Докторанттардың стипендиясы 80%-ға көбейеді. Бұдан былай олардың стипендиясы жыл сайын 15%-ға өсіп отырады және 2025 жылға қарай 260 мың теңге болады. Біз үшін магистратура мен докторантураға түсу кезіндегі ашықтық пен меритократияны арттыру маңызды. Сондықтан өткен жылы магистратураға түсу үшін емтихандарды алғаш рет электрондық форматта өткіздік. Биылдан бастап докторантураға түсу емтихандары да осындай форматта өтпек, – деп жазды министр.

 

Сондай-ақ ол ғылыми қоғамдастықпен орнатылған тығыз қарым-қатынастың нәтижесінде диссертациялық кеңестердің жұмысы бойынша ережелерге өзгерістер енгізілгенін айтты.

 

– Докторанттар үшін диссертацияны қорғау мүмкіндіктері кеңейтілді. Одан бөлек ғылыми журналдардың тізімін қалыптастыру ережелеріне де өзгерістер енгізілді. 2021 жылдан бастап біз мықты, беделді ғылыми журналдарды қолдау жөніндегі жобаны іске асыруды бастаймыз, – делінген жазбада.




Көрілген: 391    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.04.2021, 00:00

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Наурыз, 16:06
    Тарихи күн

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31