Жаңалықтар

Докторантураға түсуде «ректорлар тізімі» деген алып-қашпа сөз ұмытылады – Асхат Аймағамбетов

  • Докторантураға түсуде «ректорлар тізімі» деген алып-қашпа сөз ұмытылады – Асхат Аймағамбетов

    Докторантураға түсуде «ректорлар тізімі» деген алып-қашпа сөз ұмытылады – Асхат Аймағамбетов

Оның атап өтуінше, докторантураға түсуге үміткерлер эссені де, басқа да тапсырмаларды да компьютерлермен бейнекамералардың алдында отырып жазады.

Биыл докторантураға түсу емтихандары Ұлттық бірыңғай тестілеу жүргізілген пунктілерде өтеді. Бұл жайында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биыл докторантураға түсу емтихандары да ҰБТ-ға қойылған талаптар негізінде және ұлттық бірыңғай тестілеу жүргізілген пунктілерде өтеді. Бұл бізге «ректорлар тізімі» деген алып-қашпа сөзді және осындай тәуекелдерді ұмытып, докторантураға ең мықты және лайықты үміткерлердің оқуға түсуіне тиісті жағдай жасауға мүмкіндік береді деп ойлаймын», - деп жазды министр Facebook парақшасында.

Оның атап өтуінше, докторантураға түсуге үміткерлер эссені де, басқа да тапсырмаларды да компьютерлермен бейнекамералардың алдында отырып жазады.

«Өткен жылы біз магистратураға түсушілердің емтихандарын пилоттық режимде электрондық форматта қабылдадық. Оқуға түскен азаматтар емтиханның расында әділ түрде өткенін айтып жатыр. Биыл бұл жұмыс жалғасын табады. Бұдан былай магистратураның емтихандары осы форматта өтеді», - деді ол.




Көрілген: 470    Пікірлер: 0

жұма, 14.05.2021, 11:38

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30