Жаңалықтар

Екі жоғары оқу орнына жаңа ректор сайланды

  • https://www.kaznpu.kz/

    https://www.kaznpu.kz/

Еліміздегі екі жоғары оқу орнына жаңа ректор сайланды. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің ресми сайтында хабарланды.

 

Республикалық конкурстық комиссияның шешімімен "Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті" КЕАҚ басқарма төрағасы-ректор лауазымына Гүлмира Әмірханқызы Қанай сайланды.

 

Ол философия ғылымдарының докторы (PhD). Әр жылдары Қанай Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде, Ворвик университетінде (Ұлыбритания), Кембридж университетінде (Ұлыбритания) оқып, докторлық диссертациясын қорғады.

 

Гүлмира Қанай Кембридж Университеті мен Назарбаев Университетінде қызмет атқарған.

 

Директорлар кеңесі ұсынған кандидатуралар бойынша Республикалық комиссия мүшелері "Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті" КЕАҚ басқарма төрағасы-ректор лауазымына Дархан Нұрланұлы Біләловті сайлады.

 

Әр жылдары Біләлов Еуразия ұлттық университетінде, Солтүстік-Батыс университетінде (АҚШ) және Пенсильвания мемлекеттік университетінде (АҚШ) білім алған.

 

Соңғы оқу орнында жоғары білім берудегі көшбасшылық бойынша докторлық диссертациясын қорғаған.

 

Дархан Нұрланұлының БҰҰ ДБ, Дүниежүзілік банк, Назарбаев университеті, Пенсильвания мемлекеттік университетінде жұмыс тәжірибесі бар.

 

Осы ретте ведомство басқарма төрағасы-ректорды сайлау 2 кезеңде өткізілетін ашық конкурс арқылы жүзеге асырылатынын айта кетті.

 

Республикалық комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, салалық кәсіподақтың және "Атамекен" ҰКП өкілдері, сондай-ақ белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері кіреді.

 

 

kaz.nur.kz




Көрілген: 942    Пікірлер: 0

жексенбі, 06.06.2021, 09:08

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31