Жаңалықтар

Екпе алып үлгермеген студенттер қайтеді ?

  • Екпе алып үлгермеген студенттер қайтеді ?

    Екпе алып үлгермеген студенттер қайтеді ?

Жаңа оқу жылы басталған кезде вакцинаның толық компонентін алып үлгермеген студенттер вакцинацияны оқу орны орналасқан аумақтағы медициналық ұйымдарда аяқтайды.
ҚР бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысында осылай деп айтылған. 

Құжатта жаңа оқу жылы басталған кезде вакцинаның толық компонентін алып үлгермеген студенттерді оқу орны орналасқан аумақтағы медициналық ұйымдардың егу пункттерінде вакциналау ұйымдастыру керектігі айтылған. 

Ал шетелдік студенттер Қазақстан аумағына оқуға тұрғылықты елдің уәкілетті органы растаған COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсы болған жағдайда ғана жіберіледі. 

Шетелдік студенттер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткеннен кейін 3 тәуліктен кешіктірмей ПТР әдісімен алынған COVID-19-ға тестілеудің теріс нәтижесі бар болған жағдайда күндізгі оқу форматына жіберілсін, - деп жазылған құжатта. 
Сондай-ақ, медициналық колледждер мен жоғары оқу орындарының білім алушыларына клиникалық базаларға, резидентура базаларына, денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының клиникаларына, университет ауруханасына, интеграцияланған академиялық медициналық орталыққа вакциналау паспортымен расталған COVID-19-ға қарсы вакциналаудың толық курсы бар болған кезде кіруіне рұқсат етіледі.
BAQ.KZ




Көрілген: 592    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.08.2021, 08:20

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қазан, 00:34
    Ұстаз мерейі
    24 Қыркүйек, 17:13
    Табиғаттың өзі емші!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31