Жаңалықтар

Елбасы Академиясы 2 мыңға жуық оқушыны тегін оқытады

  • https://kaz.caravan.kz/

    https://kaz.caravan.kz/

Шалғай өңірлердің екі мыңға жуық дарынды оқушысы Birge Oqý жобасы аясында еліміздің жетекші педагогтарынан білім алуда. Birge Oqý онлайн-мектебі - «Елбасы Академиясы» корпоративтік қорының ең танымал және сұранысқа ие жобалардың бірі.

 

Академияның басқарушы директоры Әнуар Жанғозиннің айтуынша, жоба қала мен ауыл оқушылары арасындағы білім беру теңсіздігін қысқартуға бағытталған.

 

Онлайн мектепте алтыншы және жетінші сынып оқушылары оқи алады, өйткені дәл осы кезеңде олардың пәндік білімге белсенділігі артады. Айта кету керек, қазақстандық және шетелдік сарапшылар, сондай-ақ мұғалімдер мен ата-аналар жоба аясында ұзақ уақыт бойы жұмыс істеді.

 

«Өткен жылдың сәуір айында біз онлайн-оқытуды қалай жүргізу керектігі туралы үлкен талдау жұмыстарын жүргіздік. Ол барлық оқушылар қашықтан білім алуға мәжбүр болып, қиындықтарға тап болған кезең болатын. Мұғалімдер, балалар мен ата&ndashаналардвң басым бөлігі білім алу процесінің бір сәтте өзгеріске ұшырауына дайын болмай шықты. Біз қашықтан оқыту сапасы тақырыбында 100-ден астам тікелей эфир өткіздік, нәтижелерді талдадық, барлық тілектерді ескердік және онлайн - мектеп құрдық», - деді Әнуар Жанғозин.

 

Естеріңізге сала кетейік, онлайн-мектепте оқыту тегін жүргізіледі. Сабақты еліміздің жетекші педагогтары - НЗМ, РФММ, астаналық лицейлер мен халықаралық мектептердің 70-тен астам оқытушысы өткізеді. Жоба іске қосылған сәттен бастап математика, ағылшын, қазақ және орыс тілдері бойынша 40 мыңнан астам сағат оқыту өткізілді. Мектепте сондай-ақ, тьюторлардың қызметі де қарастырылған. Олар оқушылардың сабаққа қатысуы мен үлгерімін бақылайтын, түсіндіру және тәрбие жұмыстарын жүргізетін консультанттардың рөлін атқарады.

 

 

 

Caravan.kz




Көрілген: 723    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.02.2021, 16:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Наурыз, 16:06
    Тарихи күн

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30