Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Елде «Қолайлы мектеп» жобасы қолға алынады

26 шілде 2022, 20:31

Мектептердің жабдықталуы жіті тексеріледі, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

2023 жылдан бастап салынатын мектептер енді мемлекеттік стандарттарға сай болуы керек.

 

Егер робототехника, физика, химия пәндік кабинеттері қажет болса, онда мектепті соған сай жабдықтау керек.

 

Қазіргі салынып жатқан мектептердің толық жабдықталмағаны кейін анықталып жататыны белгілі.

 

Осы орайда елде «Қолайлы мектеп» жобасы қолға алынады.

 

Бұл туралы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

 

Жоба аясында құрылыс материалдарының сапасын бақылап, бастауыш пен жоғары сынып оқушыларын блоктарға бөлу мәселесі де қарастырылады.