Жаңалықтар

Елдегі 20 жоғары оқу орны Назарбаев Университетінің үлгісіне көшеді

  • https://nu.edu.kz/

    https://nu.edu.kz/

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин елдегі 22 университетті Назарбаев Университеті үлгісіне көшіруді тапсырды,деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Премьер-министр Үкімет отырысында Білім және ғылым министрлігіне бірқатар тапсырма берді.

 

«Бірінші. Білім беруді дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасында жоғары білімнің сапасын қамтамасыз ету бойынша нақты шаралар мен индикаторды қарастыру қажет. Екінші. Қаржы, Ұлттық экономика және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, биылғы 22 қарашаға дейін Жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша 2021-2025 жылдарға арналған жол картасын пысықтап, Үкіметке енгізсін», - деді Асқар Мамин.

 

Сондай-ақ, ол Петропавл мен Шымкентте Назарбаев Университеті үлгісінде 2 жоғары оқу орнын ашуға қаржы қарастыру керектігін атады.

 

«Мықты деген 20 өңірлік университетті, Петропавл мен Шымкентте «Назарбаев Университеті» үлгісінде 2 жоғары оқу орнын ашуды қаржыландыру мәселесін пысықтау керек. Шетелдік және қосдипломды бағдарламаларды, оқытушылар мен студенттердің академиялық ұтқырлығын дамыту жұмысын жалғастыру қажет», - деді Премьер-Министр.

 

Сонымен қатар, Үкімет басшысы Білім және ғылым министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, ғылым мен жоғары білімнің бірыңғай цифрлық платформасын құруды пысықтауды тапсырды.

 

Бұл жұмыстың бәрін бақылау вице-премьер Ералы Тоғажновқа жүктелді.

 

 

 

 




Көрілген: 443    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.11.2021, 11:01

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31