Жаңалықтар

Елімізде 64 мектептің құрылысы басталатын болды

  • Елімізде 64 мектептің құрылысы басталатын болды

    Елімізде 64 мектептің құрылысы басталатын болды

Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 64 мектеп пен 13 денсаулық сақтау нысаны салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Еңбек және халықтың әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов Үкімет отырысында айтты. Министрдің айтуынша, биыл Жол картасының бірінші бағыты бойынша халықтың тұрмысын жақсартуға арналған 136 жоба іске асырылады. Жобалар шеңберінде 19 мың жұмыс орны, оның ішінде 7,5 мың тұрақты жұмыс орындары құрылмақ.

«Сондай-ақ, 64 жаңа мектептің, 13 денсаулық сақтау нысанының құрылысы, суару кешенін және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жүйесін жаңарту бойынша жұмыстар жүргізіледі. Жобаларды іріктеу кезінде тұрақты жұмыс орындарын құруға және 3 ауысымды және апатты мектептерді азайтуға, денсаулық сақтау нысандарына, суармалы жерлердің көлемін ұлғайтуға басты назар аударылды», - деді ведомство басшысы.

Серік Шәпкенов өз баяндамасында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жеңілдетілген шарттармен 6 пайызға дейінгі мөлшерлемемен микрокредит беру жалғасатынын да еске салды.

 ҚазАқпарат.




Көрілген: 321    Пікірлер: 0

сейсенбі, 25.05.2021, 11:16

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31