Жаңалықтар

Елімізде мұғалімдер жұмысқа байқау арқылы қабылданады

  • Елімізде мұғалімдер жұмысқа байқау арқылы қабылданады

    Елімізде мұғалімдер жұмысқа байқау арқылы қабылданады

Ендігі уақытта Қазақстанда мұғалімдер жұмысқа конкурс арқылы қабылданады және ол электронды форматта өтеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Айтып өтетін маңызды мәселе, педагогтарды жұмысқа қабылдау енді конкурс арқылы нақты біліктілік көрсеткіштеріне сәйкес жүргізіледі және де оны электронды форматқа көшіреміз. Сондай-ақ, 2021 жылдан бастап педагогикалық мамандық бойынша жұмысқа тұру үміткерлер кәсіби шеберлігін анықтау мақсатында сертификаттаудан өтеді. Демек дипломнен бірге, квалификация алу міндеттеледі", - деді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында. 

Министрдің айтуынша, өткен жылы білім беру саласында сапалы өзгерістер орын алды. 
"Педагог мәртебесі туралы" заңның аясында педагогтардың еңбек жағдайы жақсаруда. Айтар болсақ, мұғалімдерді тікелей міндеттеріне тән емес жұмыстарға әрі көзделмеген есептерге тартудан босату шаралары қабылданды. Одан бөлек, барлық өңірде педагогтарың құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестер ашыла бастады. Биыл бұл жұмысты соңына дейін жеткізуді көздеп отырмыз", - деді ол. 

Бұған дейін министр 2023 жылдан бастап мектептерде латын графикасы енгізілетіні туралы мәлім еткен болатын. 




Көрілген: 267    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.03.2021, 13:28

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Наурыз, 16:06
    Тарихи күн

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31