Жаңалықтар

Елімізде мұғалімдер мен оқушыларға арналған білім телеарнасын ашу ұсынылды

  • Елімізде мұғалімдер мен оқушыларға арналған білім телеарнасын ашу ұсынылды

    Елімізде мұғалімдер мен оқушыларға арналған білім телеарнасын ашу ұсынылды

 Белгілі қоғам қайраткері Мұрат Әбенов білім телеарнасын ашуды ұсынды.

Әбенов төтенше жағдай кезінде көптеген ел цифрлық теңсіздік проблемасымен бетпе-бет келгенін атап өтті. Тұрмысы төмен отбасылар балаларына компьютер сатып әпере алмайды, интернетке қолжетімділік мәселесі тағы бар.

Осы ретте ол әлем елдерінің тәжірибесіне сүйеніп отандық білім телеарнасын ашуды ұсынды.
«Пандемия кезінде біраз ел білім телеарналарының мүмкіндігін пайдаланды. Олар Қытай, Оңтүстік Корея, Үндістан. Бізде «Ел арна» мен «Балапан» телеарналары қашықтан оқу кезінде жақсы жұмыс атқарды. Қысқа уақыт ішінде оқушылар үшін бейнесабақтар әзірледі. Менің ойымша, өзіміздің білім телеарнасын құратын кез келген сияқты», – деді ол Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында.

Әбенов карантин кезінде шоу-бизнес өкілдері емес, мұғалімдер жұлдызға айналғанын атап өтті. Айтуынша, оларды көшеде бәрі таниды, пандемия бүкіл елді үздік мұғалімдермен таныстыруға мүмкіндік берді.

Айта кетсек, коронавирусқа байланысты төртінші тоқсанды оқушылар мен студенттер қашықтан оқыды.

aikyn.kz

 




Көрілген: 478    Пікірлер: 0

бейсенбі, 28.05.2020, 18:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Маусым, 10:40
    Арман алға жетелейді
    7 Маусым, 19:31
    Өнерлінің өрісі кең
    1 Маусым, 15:52
    Балаларға базарлық!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31