Жаңалықтар

«Еліміздегі білім беру жүйесі қирап жатыр» - Марғұлан Сейсембай

  • «Еліміздегі білім беру жүйесі қирап жатыр» - Марғұлан Сейсембай

    «Еліміздегі білім беру жүйесі қирап жатыр» - Марғұлан Сейсембай

 Белгілі кәсіпкер, қоғам белсендісі Марғұлан Сейсембай оқушылардың қашықтан білім алу мәселесін қайта пысықтау қажеттілігі туралы бастама көтерді. Оның айтуынша, қашықтан оқыту баланың қабілетін толықтай аша алмайды.

Соңғы ай бойы бәрімізді толғандыратын бір өзекті сұрақ бар: балалардың қашықтан оқуын жалғастыру қажет пе?

Өз пікірімді айтар болсам, төменгі сыныптарға (5-сыныпқа дейін) қашықтан оқыту мүлдем тиімсіз. Бұл арада оқыту үдерісінде мұғалімнің рөлі шамамен 70%, ата-ана рөлі 20% және сыныптастардың рөлі қалған 10%-ды құрайды. Бұл жастағы бала әлі өзін, өз мүкіндіктерін және әлемді тани алмайды, танып үлгермеді де.

Орта буын сыныптары (5-8), мұғалімнің рөлі шамамен 50%, сыныптастар рөлі 20%, ата-ана рөлі 15% және өз бетімен дайындалу 15%. Сондықтан, бұл жаста күндізгі оқу мен қашықтан оқытудың арақатынасы шамамен 70% күндізгі және 30% қашықтан болуы тиіс.

Жоғары сыныптарда (9-11), мұғалім рөлі 20%-ға дейін, сыныптастар рөлі 30%-ға дейін өседі, өз бетімен дайындалу 40%, ал ата-ана рөлі максимум 10%-ға дейін төмендейді. Сондықтан, бұл жаста қашықтан оқытудың үлесін 50%-дан 75%-ға дейін арттыруға болады.

Мұның бәрі, әрине, шартты көрсеткіштер. Бірақ, бұл өз тәжірибемнен жобалап алынған қорытындым », - деп жазады өзінің facebook.com парақшасында.

Оның ойынша, оқушыларға ұжымнан тыс үйрету мүмкін емес дүниелер бар. Үйден білім алу бұған мүмкіндік бермейді.

«Тағы бір ескеретін жайт – мектеп тек пәндерді оқытып қана қоймайды, ол әлеуметтік қабілеттерге үйретеді. Ал бұл қабілеттерді ұжымнан тыс балаға қалай үйретуге болады?

Қорыта келе айтарым, қазіргі таңда білім беру жүйесі қирап жатыр. Бұл Covid-пен ауырып шығудан да қатерлі (білуімізше, балалар covid19-ды жеңіл өткереді).

Оның үстіне, қашықтан оқытуға бейімделген инфрақұрылым, әдіснама және материалдық базаның дайын еместігін ескерсек – білім беру саласындағы апаттың ауқымы түсінікті», - деп ойын білдірген.

Skifnews.kz




Көрілген: 222    Пікірлер: 0

бейсенбі, 10.09.2020, 18:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қыркүйек, 00:14
    БАЛАНЫҢ КӨЗІНШЕ...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31