Жаңалықтар

Еліміздегі мектептердің барлығында арнайы күзет болады - ІІМ

  • Еліміздегі мектептердің барлығында арнайы күзет болады - ІІМ

    Еліміздегі мектептердің барлығында арнайы күзет болады - ІІМ

ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев Қазақстандағы мектептердің барлығында арнайы күзет болатынын мәлімдеді.

«Бүгінде білім беру ұйымдарының көбі лаңкестік жағынан осал нысандардың қатарына енгізіліп отыр. Мамырдың басында «Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру талаптарын бекіту туралы» Үкімет қаулысы қабылданып, жаңа талаптар бекітілді», - деді комитет басшысы.

Комитет төрағасының айтуынша, білім беру нысандары бақылау жүйесімен, ұжым мен келушілерді құлақтандыру құралдарымен, дабыл түймешегімен, рұқсатпен кіру жүйесімен және арнайы күзетпен міндетті түрде қамтамасыз етіледі.

Бүгінде 408 мектепте арнайы күзет бар, олардың барлығы ірі қалаларда орналасқан. Бұдан бөлек, мыңнан астам мектеп дабыл жүйесіне қосылса, 333 мектепте турникет орнатылған.

Еске сала кетейік, 11 мамырда Татарстан астанасы Қазан қаласындағы №175 мектепке қару асынған адам кіріп, оқушылар мен мұғалімдерге оқ жаудырған. Соңғы мәліметтер бойынша, атыс салдарынан 11 адам қаза тауып, зардап шеккен тағы бірнеше адам ауруханаға жеткізілген.




Көрілген: 476    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 17.05.2021, 15:50

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31