Жаңалықтар

Еліміздің болашақ журналистері Ертіс-Баян өңірінде бақ сынауда

  • Еліміздің болашақ журналистері Ертіс-Баян өңірінде бақ сынауда

    Еліміздің болашақ журналистері Ертіс-Баян өңірінде бақ сынауда

Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «5В050400 – Журналистика» мамандығы бойынша«Ұлы дала ұлағаты» аттыРеспубликалық пән олимпиадасы өтіп жатыр. Олимпиадаға Қазақстанның бірқатар қаласынан қатысушылар келіп, өзара сайысқа түсті.


Екі күнге созылатын бұл білім бәсекесіне Қазақстанда журналист мамандарын даярлайтын 17 жоғары оқу орнынан 51 студент қатысып, бар өнерлерін паш етті.


Олимпиаданы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры Ахметова Гаухар Ғалымқызы ресми түрде ашып, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.


Жарыстың бірінші кезеңінде әр топ өздерінің дайындаған видео-таныстыруларын көрсетті. Ал екінші кезеңде қатысушылар эссе жазып, жеңіс тұғырынан көрінуге бар күштерін салды.


Екі кезең аяқталғаннан соң, жарысқа келген қатысушылардыПавлодар қаласын аралатып, көрнекті жерлермен таныстырды. Экскурсия Ауған соғысы ардагерлеріне арналған саябақтан басталып, С.Торайғыров ескерткіші, Орталық мешітке жалғасқан жол Бұхар жырау музейінен аяқталды.


Дүлдүлдердің дүбірлі додасы бүгін өз мәресіне жетеді.


«Тұран» университеті


«Журналистика» мамандығының студенттері 




Көрілген: 821    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.04.2019, 14:45

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 18:06
    Тіл – татулық тірегі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30