Жаңалықтар

Еліміздің қай өңірінде мұғалімдер жетіспейді – Министр айтты

  • Еліміздің қай өңірінде мұғалімдер жетіспейді – Министр айтты

    Еліміздің қай өңірінде мұғалімдер жетіспейді – Министр айтты

Еліміздің мектеп мұғалімдеріне зәру өңірлері аталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Педагог дефицитіне келсек, биыл қыркүйектегі жағдай бойынша елімізде 3 мыңнан астам жұмыс орны бос тұр. Бүгінде Қазақстанда 350 мыңдай мұғалім барын ескерсек, салыстырмалы түрде 3 мыңды аса үлкен тапшылық деп ойламаймын. Мұғалімдердің жетіспеушілігі көбінесе ауылдық жерлердегі шағын мектептерде байқалады. Шағын мектептердегі педагог тапшылығы ондағы жүктеменің аздығынан туындап отыр. Мұғалім тапшы 3 аймақты айтар болсам, алдымен Атырау облысы, екінші кезекте Алматы облысы және үшінші орында Түркістан облысы", - деді ҚР Білім және ғылым министрлі Асхат Аймағамбетов Үкімет үйінде онлайн өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің мәлімдеуінше, жоғарыда аталған әр өңірде 600-ге дейін бос жұмыс орны бар.

"Кез келген мәселенің екі жағы бар. Мемлекет басшысы тапсырған 1000 мектеп салуға келсек, жаңа мектеп салған соң, оған қажетті мамандарды да даярлау керек. Бұл орайда педагогика мамандықтарына бөлінетін грант саны жыл санап артып келеді. Сондай-ақ, мұғалімдерді даярлауда оқу бағдарламасына өзгерістер енгізілді. Жалпы айтқанда, бүгінде елімізде педагог тапшылығын шешуге арналған кешенді жүйе бар", - дейді ол.




Көрілген: 335    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 27.09.2021, 22:46

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қазан, 00:34
    Ұстаз мерейі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31