Жаңалықтар

Елордада балабақшалардың жұмысы қашан жанданады

  • https://inbusiness.kz/

    https://inbusiness.kz/

Нұр-Сұлтан білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова елордада мектепке дейінгі білім мекемелерінің жұмысы қашан жанданатынын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Бас санитар дәріг ердің қаулысымен мектепке дейінгі білім ұйымдарының жұмысына шектеу қойылған болатын. Бұл ретте кезекші топтардың жұмыс режимі елдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға байланысты болады. Яғни, жұмыс режимі Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігерінің қаулысымен айқындалады. Ата-аналарға мектепке дейінгі білім мекемелерінің жұмысындағы өзгерістер туралы қосымша хабарлаймыз», - деді Шолпан Қадырова қала әкімдігінің Facebook парақшасында өткен баспасөз мәслихатында.

 

Еске сала кетсек, бұған дейін басқарма басшысы елордада жаңа оқу жылында 202 мың оқушы қашықтан оқитынын хабарлаған еді.

 

«2020-2021 оқу жылында елорда бойынша 202 мың мектеп оқушысы болады деп күтілуде. (Өткен жылы - 182 279). Бірінші сыныпқа 27 мыңнан астам оқушыны қабылдау жоспарланып отыр. Бүгінге дейін 12 453 өтініш берілді. Құжат қабылдау электронды үкімет Egov.kz порталы арқылы және қағаз түрінде мектептерде жүргізіліп жатыр», - деді Шолпан Қадырова.

 




Көрілген: 305    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 20.07.2020, 14:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30