Жаңалықтар

Елордада барлық балабақша 1 маусымнан бастап жұмыс істейді

  • Сурет ғаламтордан алынған

    Сурет ғаламтордан алынған

Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова бір аптадан кейін барлық балабақша бұрынғы тәртіппен жұмыс істейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды sputniknews.kz тілшісі.

 

18 мамырдан бастап балабақшаларда кезекшілік топтар ашылған болатын.

 

"Ондай жағдай алдымен жұмыс істеп жүрген ата-аналар үшін жасалып отыр. Әрине, санитарлық-дезинфекциялық тәртіпті қатаң сақтау қажет. Бүгінде мектепке дейінгі ұйымдарға балалардың 7,9 проценті, яғни 4 134 бала барып жүр", - деді Қадырова бүгінгі онлайн брифингте.

 

Оның айтуынша, 1 маусымнан бастап барлық балабақша штаттық режимде жұмыс істейді деп жоспарланып отыр.

 

"Ал дайындық топтардың балаларын 1 тамызға дейін балабақшаға әкелуге болады", - деп толықтырды басқарма басшысы.

 

Айта кетейік, қазіргі кезде Нұр-Сұлтанда 377 балабақша бар. Оған 55 708 бала барып жүр. Ал мектепке дейінгі топтар 3 485 баланы оқытады.


 




Көрілген: 550    Пікірлер: 0

жұма, 22.05.2020, 13:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30