Жаңалықтар

“ЕҢ БАЙ ӘКЕ” ОҚЫРМАНМЕН ҚАУЫШТЫ

  • “ЕҢ БАЙ ӘКЕ” ОҚЫРМАНМЕН ҚАУЫШТЫ

    “ЕҢ БАЙ ӘКЕ” ОҚЫРМАНМЕН ҚАУЫШТЫ

«Ең бай әке» кітабы оқырманға жол тартты

Нұр-Сұлтанда белгілі қаламгер, ҚР Парламенті Мәжілісі бірінші шақырылымының депутаты, тұңғыш қазақ тілінде жазылған «Халықтың көші-қоны туралы» заңының авторы Әкім Ысқақтың 60 жылдық мерейтойына арналған «Ең бай әке» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Жинақты жазушының бір топ шәкірттері шығарған. Оған Ә.Ысқақтың Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі оқырмандарынан келген хаттар, естеліктер, жас ақындардың арнау өлеңдері енгізілген. Сондай-ақ Өмірбек Байгелді, Марат Оспанов, Фариза Оңғарсынова, Әкім Тарази, Қалихан Ысқақ, Мұхтар Шаханов, Ұлықбек Есдаулет, Көпен Әмірбек, Несіпбек Айтұлы, Мархабат Байғұт сынды қазақ зиялыларының жазушы туралы айтқан ой-пікірлері де бар. «Қайраткер Әкім Ысқақ 60 жасына дейінгі өмірін Адам іздеумен, шәкірт жинаумен, тілеулес табумен өткізді. Ғұмырындағы осынау миссиясы сәтті орындалып келе жатқанына жұрт куә. Қаламгердің мерейтойы қарсаңындағы шәкірттерінің тарту кітабында шәкірттерінің естеліктері мен тілектеріне, арнауларына басымдық берілді», – дейді «Ең бай әке» кітабының құрастырушысы Абай Сейфуллаұлы.
ҚР Кәсіподақтар Федерациясы ұйымдастырған жиында кітаптың тұсауын ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Жазықбаев, ҚР Парламентінің бірнеше шақырылым депутаты, ф.ғ.д. Уәлихан Қалижан, сатирик Көпен Әмірбек қиды.«Кітаптың атының «Ең бай әке» деп қойылуы өте ұтымды. Бұл Әкім Ысқақтың рухани бай екенін көрсетеді. Бір шетінен осындай кітаптың шығуы – Әкімнің және оның шәкірттерінің тындырымдылығының нәтижесі. Жақсы кітап», – деп баға берді К.Әмірбек.
ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков Ә.Ысқаққа латын қарпінде жасалған гербтің бір нұсқасын тарту етті. Сонымен бірге жиынға ҚР Парламенті Сенаты аппараты басшысының орынбасары, ақын Асқар Өртембаев, «Ақжол» партиясы төрағасының орынбасары Қазыбек Иса, журналист Бекен Қайрат және тағы басқа қоғам қайраткерлері қатысып, сөз сөйледі. Шәкірттері шығармаларынан үзінді оқып, әндерін орындады.




Көрілген: 200    Пікірлер: 0

сейсенбі, 17.03.2020, 10:18

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Наурыз, 23:08
    Мектепте оқу қауіпті
    1 Наурыз, 20:14
    Алғыс айтып жүрейік...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30