Жаңалықтар

Ерекше қажеттіліктері бар жастардың IT-жобалары Нұр-Сұлтан қаласында гранттарға ие болды

  • © a.issabekova@sk-trust.kz

    © a.issabekova@sk-trust.kz

2019 жылдың 28 тамызында мүгедектігі бар жастарды әлеуметтік оңалтуға бағытталған ITeachMe жобасының соңғы кезеңі өтті.


Жоба онлайн және офлайн кезеңдерінен тұрды: білім беру лагері, онда мүгедектігі бар балалар бағдарламалауды, жобалық менеджментті, веб дизайнды зерттеді, инклюзивті, әлеуметтік жобаларды, кодинг, робототехниканы құруға қоғамның сұранысы бойынша зерттеулер жүргізді.



Жоба жетекшісі Захира Бегалиева: «ITeachMe ерекше қажеттіліктері бар жастар үшін Өмірге жолдама болды. Осы уақыт ішінде қызықты да күрделі жағдайлар көп болды. Біз қоғамда қалыптасқан стереотиптерді бұздық. Кедергілер мен шекараның жойылуында технологиялар, білім күшін көрсетті. Жаңа технологиялар әлемді шексіз етеді деген идея тағы да расталды. Қатысушылар өз алдарына үлкен жоспарлар қойды және олардың жобалары халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына өте көп көмек көрсетеді».


Еліміздің түкпір-түкпірінде тұратын қатысушылар жарты жыл бойы ІТ саласына тереңірек үңіліп, менторлармен бірге мүгедектігі бар адамдардың және халықтың басқа да әлеуметтік осал топтарының өмірін жақсарту үшін өз идеяларын жасады.


Ақтық кезең Нұр-Сұлтан қаласында өтті, онда қатысушылар жаңа технологияларды пайдалана отырып дайын жеті жобаны ұсынды. Әділқазылар алқасы команда қатысушыларының идеясының пысықталуын және жоғары технологиялылығын жоғары бағалады.


«Біз «Samruk-Kazyna Trust» Қоры 2019 жылы алғашқы жастар бастамасы болған «Тең IT-мүмкіндіктер әлемі» жобасын жастар жылында бастау алғанына қуаныштымыз. Бұл лагерь сондай-ақ біздің еліміздегі алғашқы бастама болды, ол IT-салаға ерекше мүмкіндіктері бар жастарды тартуға және олардың ІТ мамандары ретінде қалыптасуына бағытталған. Сондай-ақ біздің Қор КЕҰ арасында әлеуметтік кәсіпкерлік саласын дамытады. Бүгінде Samruk-Kazyna Trust-тан екі команда жобаларын одан әрі дамыту үшін 500 000 теңгеден грант жеңіп алды. Алынған білім, тәжірибе және бастапқы капитал балаларға өз ісін одан әрі дамытуға көмектеседі деп үміттенеміз» - деп атап өтті «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының ресми өкілі Мирас Іргебаев.



Жобаларды таныстыру қорытындысы бойынша төрт команда 400 000 теңгеге сертификат алды:


• Cup (Classmates Up the Progress) жоба онлайн режимде іске асырылады. Платформаның көмегімен мамандықты ауыстыру туралы ойлайтын Студент виртуалды түрде басқа мамандық иесі болып, программист, маркетолог, дизайнер өмірінің бір күінн «сүреді».

• Rapport қосымшасы - бір мезгілде қазақ және ымдау тілдерін оқыту бойынша.

• Инклюзивтік ортадағы жұмыс ерекшелігін ескере отырып әзірленген ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған робототехника және Future-IT бағдарламалау бойынша курстар.

• «Dariger» Медициналық платформасы - әлеуметтік осал топтардың тапшы мамандарына онлайн жазылуға көмектеседі чат-бот.

Екі команда 100 000 теңгеден сертификат алды:

• Барлық мұқтаждарға (мүгедек адамдарға, зейнеткерлерге, балаларға және т.б.) көмек көрсетуге арналған Be My Friend мобильді қосымшасы оларға жақын жердегі еріктілермен көмек сигналы арқылы байланысудың арқасында көмек көрсету.

• «103» мобильді қосымшасы - қысқа мерзімде адамның нақты орнын анықтауға көмектесетін жедел жәрдем картасы.

• Командалар осы бастапқы капиталды жобаларды масштабтау және жылжыту үшін пайдаланады.

Сондай-ақ, «Elstar» жобасының командасы жаңа буын тренажерлерінің көмегімен мүгедек балаларды оңалтуға бағытталған жобаға 200 000 теңге жеңіп алды.


«Мен ұйымдастырушыларға, жоба басшылығына қатысуға және осы команданың бір бөлігі болуға мүмкіндік бергені үшін өте ризамын. Мен грант иегері атанғаныма қатты қобалжып тұрмын және бақыттымын. Өз мысалымда бәрі мүмкін екенін және ештеңеден қорықпаудың қажеті жоқ екенін көрсеткім келеді. Жобаның барлық болашақ қатысушыларына мықты болуға, ешқашан берілмеуге және өз мақсатына жетуге тілектеспін» - Шымкент қаласынан жобаға қатысушы Намазбай Нұрбол, 18 жас.


Жобаның ең белсенді қатысушысы Шевченко Сергей ноутбук сертификатын жеңіп алды. Сонымен қатар CUP (Classmates Up the Progress) жобасының командасы 1С Қазақстан компаниясына ақы төленетін тағылымдамаға шақырылды.


Іс-шараны «Ерекше Тандау-Шелек» Корпоративтік қоры «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорымен бірлесіп ұйымдастырды. Бұл бастаманы «Шеврон» компаниясы, Орталық Азия Еуразия Қоры және Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі қолдады. Естеріңізге сала кетейік, бұл жоба жастар жылы аясында алғашқы бастама болып табылады.


Қосымша ақпарат алу үшін, БАҚ бойынша телефон арқылы хабарласыңыз: 7 (7172) 57 – 66 – 02, e-mail: a.issabekova@sk-trust.kz, бас менеджер Әсем Исабекова.

Жоба бойынша: Захира Бегалиева, Захире Бегалиевой ,+7 701 346 0009, zahira71@inbox.ru


 


 


 


 


 


 


 




Көрілген: 611    Пікірлер: 0

бейсенбі, 29.08.2019, 11:34

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 18:06
    Тіл – татулық тірегі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30