Ерке деген сөздің астарында "менің балам тәрбиесіз" деген сөз бар - Психолог

14 маусым 2022, 18:02

Бұл туралы ол "Халық үні" YouTube арнасына берген сұхбатында айтып берді, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Сана балада бар болып тумайды. Оны ата-ана қалыптастырады. Оны сен қалыптастырсаң, ол балаңда бар, қалыптастырмасаң ол жоқ. Содан кейін ол өз баласын қарғайды. "Балама сана бер, сана бермесең ала бер" деп. Ол қарғысына ұшырап жатыр. Қазір әркім өз баласын өзінің білгенінше тәрбиелейді. Есіртіп жатыр, ессіз қылып жатыр, тентіретіп жатыр. Қазақтың бір жақсы жамылатын сөзі бар "Ойбой біздің бала ерке". Ерке деген сөздердің астарында "менің балам тәрбиесіз" деген сөз бар. Сондықтан кімде кім баласын баласын "ерке" деп айтып тұрса, онда оның баласы "тәрбиесіз" деп бірден қорытынды жасауға болады", - деді психолог Серікгүл Сәли.

Естеріңізге сала кетейік, Серікгүл Сәли "Хабар" арнасындағы "Бүгін" бағдарламасында буллингтің бастамасын ұстаздардың өздері бастайтынын айтқан болатын.

Caravan.kz