Жаңалықтар

Ертеңнен бастап Алматыдағы балабақшалардың жұмысы тоқтайды – әкімдік

  • https://aktobetv.kz/

    https://aktobetv.kz/

Ертеңнен бастап Алматы қаласы аумағында карантин енгізілуіне байланысты балабақшалар да толықтай жұмысын тоқтатады. Бүгінде қалада мектепке дейінгі білім беру мекемесіне баратын 19 мың бүлдіршін бар. Олар ертеңнен бастап балабақшаға баруын доғарады. Бұл туралы Алматы қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлнәр Айтқұлова айтты деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz.

 

«Балабақшада тәрбиеленушілермен бірге тәрбиешілер мен күтушілер де жұмысқа бармауы керек. Мекеменің бірінші басшысы мен күзетші ғана қалады», - деді басқарма өкілі.

 

Ал мектеп оқушылары Қазақстанда аумағында енгізілген төтенше жағдайға байланысты 16 наурыз бен 5 сәуір аралығында ұзақмерзімді демалыста болады. Колледж студенттері 16 наурыздан бері қашықтан білім алуға көшті.

 

«Қашықтан оқу үшін тиісті техникалар, оқу құралдары, көрнекілік құралдар жетіспеушілігі туралы шағым жоқ. Ал, мектеп мұғалімдері оқушыларға қашықтан білім беру қажеттілігі туындаған жағдайда дайын болады. Әр мұғалімнің үйінде компьютер немесе ноутбук бар деп ойлаймын. Ал оқушыларды гаджетпен немесе смартфонмен қамту бойынша мониторинг жүргізіліп жатыр. Бәріне дайын болуымыз керек», - дейді Г. Айтқұлова.

 

Мұғалімдер мен тәрбиешілердің жалақысы қысқармайды.

 

«Мұғалімдердің, тәрбиешілердің жалақысы қысқармайды. Жұмыс істемесе де, демалыс кезіндегі төлемдері тоқтамайды. Ал осы кезеңде еңбек демалысын алғысы келетін ұстаздарға кедергі болмайды», - деді әкімдік өкілі онлайн-брифингте.

 




Көрілген: 365    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 18.03.2020, 17:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Маусым, 10:40
    Арман алға жетелейді
    7 Маусым, 19:31
    Өнерлінің өрісі кең
    1 Маусым, 15:52
    Балаларға базарлық!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31