Жаңалықтар

Есей Жеңісұлы: Ұстазы – Google, тәрбиешісі – You-Tube, досы – әлеуметтік желі...

  • Есей Жеңісұлы: Ұстазы – Google, тәрбиешісі – You-Tube, досы – әлеуметтік желі...

    Есей Жеңісұлы: Ұстазы – Google, тәрбиешісі – You-Tube, досы – әлеуметтік желі...

Сенатор, белгілі қаламгер Нұртөре Жүсіптің бастамасын зор ықыласпен қолдаймын.

Бас-аяғы он-он бес жыл ішінде біз оқырман ұрпақтан айырылып қалдық. Қаңсықты демей-ақ қояйын, жаңа технологиялық жетістіктерді таңсық көрген, смартфоннан бас алмайтын ұрпақ пайда болды. Ұстазы &ndash Google, тәрбиешісі &ndash You-Tube, досы &ndash әлеуметтік желі... Оған әкенің де, шешенің де сөзі өтпейді. Тіпті әке-шеше де қарын қамынан артыла алмай, бүкіл тәрбиені гаджеттердің қолына аман-есен өткізіп берді. Баласы оқымаса, мұғалімін кінәлайды, мектеп тапсырмасының тым күрделі екенін айтып жалтарады.

Сондықтан қазір жаргондармен сөйлейтін, өз ойын жеткізуге қабілетсіз, бейпіл, былапыт, ең бастысы, білімсіз ұрпақ өсіп келеді. Орыстың атақты актері Олег Табаков бір сұқбатында: «Страна за теми, кто есть», &ndash деген еді. Осы бетпен кете берсек, біздің елдің тізгіні де білімсіз, бағдарсыз ұрпақтың қолына тие ме деп қорқамын. Сондықтан балаларға қандай қамқорлық жасаудың мүмкіндігі болса, соның бәрін қарастыруымыз керек. Балаларды баяғыда ажырап қалған ізгілік әлеміне қайта шақыруымыз керек.

Нұртөре ағамыз  «Балдырған», «Ұлан», «Ақжелкенді» оқып өскен бала ертең аға газеттердің оқырманына айналады. Балалар газетін оқыту арқылы біз болашақ оқырман тәрбиелейміз», &ndash деп еді. Мен балаларыма осы үш басылымды да, оған қоса «Балабек», «Ертегілер елінде» журналдарын да жаздырып жүрмін. Әрине, сабақтары қиын, бос уақыты жоқтың қасы. Бірақ ауылға жиі апарып жатқаным жоқ, қатты дене еңбегімен де айналыса бермейді. Ендеше, олардың жанын шыңдауға тырысуым керек деп тырысып жүрмін. Тіпті оқыған кітаптары үшін анасы екеуміз ынталандырып та қоямыз. Саналарының бір түкпірінде біздің осы әрекетіміз әйтеуір бір жеміс беретіні анық. Өйткені біздің ата-анамыз да сондай үлгі көрсетті.

Ал жағдайы төмен отбасылардың жеткіншектеріне балалар басылымын жаздырып беруді ғана емес, ертең солардың қолына нақты жетуін де ойластыру керек. Қазір газет жаздырып алмайтын аула ғана емес, ауылдар да бар. Жеткіншегінің жанын жамандықтан арашалауға ұмтылған елдің болашағы жаман бола қоймас деп ойлаймын.

 kazgazeta.kz




Көрілген: 453    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 12.10.2020, 20:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31