Естелік үшін деп шашын қиған оқушылар елді шошытты

01 мамыр 2022, 11:14

Бітіруші сынып оқушылары бұл қадамға естелік үшін барғанын айтады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

Мектептің сынып бөлмесінде бір-бірінің шашын қиған оқушылар көптің қызу талқысына түсті.

 

Оқушылар шаштарын қиып, оны дәптер ішіне жинаған сәтін видеосын видеоға түсіріп, оны ТікТок-қа жариялады. Бейнежазбадан қолына қайшы ұстаған қыз балалардың бір-бірінің шашын бір уыс етіп қиып, оны дәптерге скотчпен жапсырып жатқанын көруге болады. Төменгі тұсына кімнің шашы екенін жазып қояды. Сыныптағы ер балалар да шаштарын қиюға рұқсат берген. Тіпті мектеп ұстазы да оқушылардың өтінішінен бас тарта алмай, шашын қырқып алуға қарсылық танытпады.

 

Видеоны көрген желі қолданушылары 11-сынып оқушыларының бұл әрекетін түсінбей дал болды. Естелік үшін шашты ойып алу дұрыс емес деген пікірде.

 

 

"Тырнақтарыңды алып, дәптерге жапсырмадыңдар ма?", "Апайларына не жоқ?", "Не үшін бұлай істеп жатсыңдар?", "Енді осы трендке айналып кетпесе болды? Бәрі қайталайын деп тұр", "Осы не үшін? Түкке пайдасы жоқ", "Шығармайтындары жоқ", "Құрысын, енді бұны көргендер қайталап жүрмесін. Масқара гүл қырыққандай қырқып жатыр ғой", "Адам өзі шашын өсіре алмай жүрсе" деп жазды желідегілер.