Жаңалықтар

Естен танғанша ұрған: БҚО-да мектептегі әлімжеттілік

  • https://ria.ru/

    https://ria.ru/

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданында оқушыны есінен танғанша ұрып-соғу дерегі тіркелген Подстепновский орта мектебінің қызметін тексеру нәтижесі жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 

"Аталған фактіге қатысты тексеру жүргізілді. Арнайы комиссия құрылып, мектептегі оқу-тәрбиелік жұмыстармен танысты. Білім беру мекемесі директорының үш орынбасарына жұмысына салғырт қарағаны үшін ескерту жасалды. Бұл әкімшілік жаза. Қазіргі уақытта кикілжің басылды",- деді Теректі аудандық білім бөлімінің басшысы Жанаргүл Хусаинова.

 

Айта кетейік, соққыға жығылған оқушының анасы осыған дейін мектеп директорына бірнеше ескерту айтқан еді, ал қазір ешқандай наразылығы жоқ.

 

Еске салсақ, осыған дейін Подстепновский орта мектебінің 7- сынып оқушысының анасы ұлын жоғары сынып оқушысы есінен танғанша ұрып-соққанын айтқан еді. Зардап шеккен баланың анасы мектеп директоры тәрбие сағатын өткізбейтінін, білім беру мекемесінде тәртіп жоқ екенін мәлімдеген болатын.

 

 

 

 




Көрілген: 382    Пікірлер: 0

бейсенбі, 21.10.2021, 18:21

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31