Жаңалықтар

Ғалымдар вирус жұқтырған адам дүкенге кіргенде CoViD-19 қалай таралатынын көрсетті (видео)

  • Ғалымдар вирус жұқтырған адам дүкенге кіргенде CoViD-19 қалай таралатынын көрсетті (видео)

    Ғалымдар вирус жұқтырған адам дүкенге кіргенде CoViD-19 қалай таралатынын көрсетті (видео)

 Аалто, Хельсинк университеті ғалымдары, Финляндияның техникалық зерттеу орталығының (VTT) және Фин Метеорологиялық институтының ғалымдары жөтелу, түшкіру және тіпті сөйлесу кезінде тыныс алу жолдары арқылы ұсақ аэрозоль бөлшектері қалай әрекет ететінін зерттеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл бөлшектер коронавирус сияқты қоздырғыштарды тасымалдай алады. Зерттеу нәтижесі негізінде ғалымдар CoViD-19-дың таралуының компьютерлік моделін жасады. Бейнежазбада вирусы бар адам супермаркетте жөтелген / түшкіргеннен кейін, мөлшері 20 микро метр болатын кішігірім бөлшектер бұлт тәрізді жайылып кеткенін көруге болады.

Алайда, бөлшектер бірден еденге қонбайды: бөліктер ауа ағынымен едәуір қашықтыққа дейін жетеді. Ал қалғаны сол орнында қалады.

Сондай-ақ, алдын ала нәтижелерге сәйкес, вирусты тасымалдаған аэрозоль бөлшектері ауада ұзақ сақталатыны анықталды. Сондықтан, адам көп жиналатын орындардан аулақ болу керек, деп жазды Aalto университетінің сайты.

"Коронавирусты жұқтырған адам жөтеліп кетіп қалуы мүмкін, бірақ ол өзінен кейін коронавирус тасымалдайтын өте ұсақ аэрозольді бөлшектерді қалдырады. Содан кейін бұл бөлшектер жақын маңдағы адамдардың тыныс алу жолдарына ене алады", - дейді ғалым Виль Вуоринен.

<iframe width="560" height="315" src="https://www.youtube.com/embed/BA2Ss9FPp0Q" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen></iframe>

Stan.kz




Көрілген: 516    Пікірлер: 0

жексенбі, 12.04.2020, 14:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30