Жаңалықтар

«Ғасыр ұстазы» 13 мың, «Ұлт ұстазы» 5 мың теңге: Елімізде мұғалімдердің атағы саудаланып жүр

  • «Ғасыр ұстазы» 13 мың, «Ұлт ұстазы» 5 мың теңге: Елімізде мұғалімдердің атағы саудаланып жүр

    «Ғасыр ұстазы» 13 мың, «Ұлт ұстазы» 5 мың теңге: Елімізде мұғалімдердің атағы саудаланып жүр

 Дегенмен кез келген қазақтан Ұлт ұстазы кім деп сұрасаңыз, мүдірместен Ахмет Байтұрсынұлы дейді. Себебі бұндай атақты халық өзі берді. Ал осындай қастерлі атақты медаль етіп, тағып жүргендер кімдер? Оны сауда салғандардың ісі қаншалықты заңды? Евразия бірінші арнасы хабарлайды.


Бүгінде елімізде медаль саудасы үйреншікті дүниеге айналғандай. Оған тіпті мән бермейтінде болдық. «Қазақстанның құрметті азаматы», «Қайраткер әйел» тағысын тағы. Бірақ бұл жолғысы көптің шамына тигені сөзсіз. Ғасыр ұстазы 13 мың, Алаш ұстазы 10 мың теңге. Мұны көрген желі қолданушылары осынша аяулы атты тиын-тебенге сатқан жекеменшік компанияны жерден алып жерге салуда.


"Олар да өздерін ақтап алатын жолдар табады. Себебі газетке мақала беруің керек, журналдарға мақала беруің керек, үздік шығармашылық конкурсына қатысуың керек. Енді ол жерде белгілі бір деңгейде әділетті шығар өздері үшін, иә мүғалім оған еңбектеніп, мақала жазатын шығар. Бірақ бір мақала мен бір ашық сабақпен ғасыр ұстазын анықтап тастайтын болса, онда көз майымызды күні-түні сарқып, кітап жазып, бала оқытып не істеп жүрміз? Мақала жазып жатайық", - қоғам белсендісі Аятжан Ахметжан.


Сандарға сенсек, тек бүгіннің өзінде еліміз бойынша 600 Алаш ұстазы, 925 ұлт ұстазы мен 425 ғасыр ұстазы бар екен. Сонда арзан атаққа кімдер құмар?


«Бірнеше жыл бойы жұмыс істеп, зейнет жасына жетіп, бірақ ештеңеге ілінбеді. Содан кейін «ай, осыны алайық» дейтін шығар кейбіреулер енді шынында да, затында. Өзі сол шенқұмарлау, атаққұмар адамдар болады», - деді қоғам белсендісі Ербол Іргебай.


Ордендер мұғалімдердің конференцияларында, түрлі әлеуметтік желідегі чаттарда ұсынылып, ашықтан-ашық саудаланады екен. Өйткені заң бойынша, мұндай марапатты сатып жүрген қоғамдық ұйымдарға жаза жоқ көрінеді.


«Алаш ұстазы», «Ғасыр ұстазы» деген наградаларға тыйым салынбаған. Сондықтан да түрлі қоғамдық ұйымдар, белгілі бір одақтар, ассоциациялардың осындай наградалар тағайындауға мүмкіндік бар», деді заңгер Ахметжан Бейсенбеков.


Ал 20 жылдан астам ұстаздық етіп келе жатқан Дәмеш Өмірбекқызы мұғалімдерді мемлекет бағаламағаннан кейін, кәсіпкерлер медаль сатуды бизнеске айналдырған деген пікірде.


«Біздің қазақта бата бар «Атқан таңның арайына бөлен де, еңбегіңмен елен» дейді. Еңбегімен еленіп отырса, ол ондай шараға бармас еді, ондай жолға түспес еді. Бірақ ол түбінде дұрыс емес. Ол енді ұстаздың қиын жағдайын осал жағын біліп, бизнесмендердің істеп отырған жағдайы», - деді ұстаз Дәмеш Өмірбекқызы.


Ал, Білім және ғылым министірі Күләш Шәмшидинова мұғалімдердің ерең еңбегі үшін мемлекет тарапынан берілетін 2 ғана награда бар дейді.


«Министрлік тарапынан берілетін наградаларды білесіздер, ол «білім беру ісінің үздігі» және «Алтынсарин төсбелгісі». Басқа ешқандай атақтарға біздің қатысымыз жоқ», - ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшединова.


Ал педогог Саят Ибраев қоғамдық ұйымдар тұрмақ, мемлекеттің өзі мұғалімдерге беретін наградалар құнын әлдеқашан жоғалтқанын айтады. Тіпті еш пайдасы жоқ темір-терсекке айналған деп ашынып отыр.


«Мұғалімдердің арасындағы алынып жатқан мемлекеттік медальдардың құны жоқ. Оған ақша төленбейді. Мысалы педагог Ыбырай Алтынсарин атындағы медаль алды ма, оған сізге жалақыңызға ештеңе қосылмайды», - деді педагог Саят Ибраев.


Орнымен берген атақ та, сыйлық та адамның мерейін өсірері хақ. Бірақ біз тілдескен жандардың барлығы оның өз өлшемі болу керек деген пікірде. Сондықтан бұл мәселе заң аясында реттелуі керек. Әйтпесе, елімізде атақсыз адам қалмайтын секілді.


kazgazeta.kz


 




Көрілген: 436    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.04.2019, 20:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Сәуір, 10:35
    Жыл басы – Наурыз
    13 Ақпан, 15:34
    Жырлайды жүрек
    17 Қаңтар, 19:01
    Шығыстың қос шыңы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31