Жаңалықтар

Германияда білім жетілдіріп келген 8 магистрант оқудан шығарылды

  • Видеодан кадр: YouTube /

    Видеодан кадр: YouTube /

Германияда тағлымдамадан өтіп жатқан сегіз магистрант оқудан шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сот төрелігі академиясының сайтына сілтеме жасап.

Германияда білімін жетілдіріп жүрген Сот төрелігі академиясы «Құқықтану» мамандығының 8 магистранты оқудан шығып қана қоймай, мемлекет төлеген шығындары мен шетелде тағлымдамадан өтуіне жұмсалған қаржыны қайтаратын болды.

Академия ректоры Зәуреш Баймолдина қол қойған бұйрыққа сәйкес, аталған магистранттар «жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтамағаны» және «өз іс-әрекетімен және қылығымен қоғам тарапынан сынға жол беріп, басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік әдеп нормаларын бұзудың жолын кесу және оларды болдырмау жөнінде шара қабылдамағаны» үшін оқудан қуылып отыр.

Еске сала кетейік, 13 қаңтарда желіде шетелде тағлымдамадан өткен қазақстандық магистранттарға қатысты видео жарияланған болатын. ҚР Жоғарғы соты жанындағы Сот төрелігі академиясында аталған магистранттарға қатысты видеоматериалды зерттеу мен тексеру бойынша комиссия құрылған болатын.

«Тәртіп бұзушыларға тәртіптік жаза қолдану туралы мәселені шешуге тексеріс қорытындысы бойынша жасалған комиссия ұсыныстары негіз болады. Академия магистранттарының тәртіп бұзушылығы расталған және оларды оқудан шығару туралы шешім қабылданған жағдайда олардан оқу үшін мемлекет тарапынан жұмсалған барлық қаражат, осы шетелдегі тағлымдамамен байланысты бюджеттік шығындар өтеледі» делінген баспасөз баянында.

 




Көрілген: 477    Пікірлер: 0

сейсенбі, 21.01.2020, 09:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Маусым, 10:40
    Арман алға жетелейді
    7 Маусым, 19:31
    Өнерлінің өрісі кең
    1 Маусым, 15:52
    Балаларға базарлық!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31