Жаңалықтар

Грантпен ЖОО-да оқыған түлектер ауылда 3 жыл жұмыс істейтін болады

  • © moa.gov.kz

    © moa.gov.kz

Ауыл жастарына арналған квота бойынша аграрлық жоғары оқу орындарын бітірген түлектер 2020 жылдан бастап ауылдық жерлерде 3 жыл жұмыс істеуге міндетті болады, деп хабарлайды kaz.zakon.kz ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы саласы үшін мамандар даярлауға қатысты ұлттық заңнамаға бірқатар түзетулер енгізді. Ағымдағы жылдың 28 қазанында Мемлекет басшысы тиісті заңға қол қойды.

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңы аясында "Білім туралы" Заңның 47-бабына өзгеріс енгізілді.

Жаңа заң бойынша ауылдық квотамен ауыл шаруашылығы мамандықтарында оқыған ЖОО-ның түлектері ауылдық жерлерде кемінде 3 жыл жұмыс істейді.

Заңнаманы өзгерту, шын мәнінде, мемлекет есебінен жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алған ауыл жастарын аграрлық бейіндегі ұйымдарда кепілді түрде жұмысқа орналасуына мүмкіндік береді.

ҚР АШМ бұл шара ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің кәсіби кадрларға деген сұранысын арттыруға мүмкіндік береді деп санайды. Жаңашылдық жастарды жұмыспен қамтамасыз ету мәселелерін шешеді. Сондай-ақ, ауылдық жерде "ауыл шаруашылығы мамандығы" бойынша мүлде жұмыс істеуді жоспарламаған талапкерлердің "ауылдық квотамен" мемлекеттік грантқа түсуіне жол бермейді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңы аясында ҚР Білім және ғылым министрлігінің жоғары және орта арнаулы оқу орындарындағы ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырыстарының көлемін анықтау, оларды бөлу мен орналастыру ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің құзыретіне берілген болатын.

 




Көрілген: 279    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 11.12.2019, 11:27

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31