Грантпен оқу деген негізі болмауы керек...

12 тамыз 2022, 12:46

Бұрын да айтатын едім, әлі де айтамын. Жоғары білім тек ақылы болуы керек. Сонда ғана ол сапалы білім болады.
Бізде әлі советтік жүйе. Жастарды тегін оқыту, халықты төмен жалақылы жұмысқа байлап қою, түрлі несиелерге тәуелді қылу. Негізінде бұл халықты өз еркіне жібермей, бақылауда ұстаудың, модерн құлдықтың бір түрі.
Басқаша дәл қазір мүмкін де емес. Жастар оқымай, кәсіпке барайын десе, бізде өнеркәсіп, жұмыс орындары аз. Сондықтан гранттар арқылы өзі қаламаса да, не мамандық екенін білмесе де, ілінген бір оқуына бара салады. Сапалы білім іздегендер шетелге кетеді. Оқығысы келмей, жұмысқа араласқысы келетіндер бар. Олар 4 жыл теорияға уақыт құртпай, бірден практика арқылы шығады. Жалпы көп нәрсені курстар арқылы да үйренуге болады. Ал қалғаны практикамен келеді.
Жаңа Қазақстан білім бойынша да әлемдік стандарттарға сай болса екен деймін да. Болашақта солай болып та қалар. Яғни сан азайып, сапа көбейіп дегендей...

facebook.com парақшасынан