Жаңалықтар

Грантпен оқыған ЖОО түлектері ауылда жұмыс істеуге міндеттеледі

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Парламент Мәжілісінің депутаты Роман Ким жоғары оқу орнын тәмамдағаннан кейін ауылда жұмыс істеуге міндетті мамандардың тізімін кеңейтуді ұсынды. Осы орайда ол Үкімет басшысының атына депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Бүгінде ауылдық жерлерде ауыл шаруашылығындағы жас мамандардың, мұғалімдердің, дәрігерлер мен мәдениет қызметкерлерінің тапшылығы мәселесі байқалып отыр. Депутаттардың өңірлерге сапары кезінде агробизнес пен жергілікті қоғамдастық өкілдері ауылға жоғары оқу орындарының түлектерін тарту тақырыбын көтерді. Үкіметте мемлекеттік грант есебінен білім алған студенттерді ауылдарда жұмыс істеуге міндеттейтін қаулының жобасы даярлануда. Бұл шешімді дұрыс әрі уақытылы жасалып жатыр деп санаймыз», - деп тоқталды депутат Мәжілістің жалпы отырысында.


Оның пайымынша, елді мекендерде қажетті кадрлық әлеуетті қамтамасыз ету үшін аталған тізімді кеңейту керек. Сонымен қатар, депутаттық сауалда ауылға баратын ЖОО түлектерін жұмыс орындарымен қамту мәселесі де көтерілді.


«Ауыл квотасы есебінен мемлекеттік грантпен білім алған, яғни ауыл шаруашылығы өндірісіне кадрлар даярлайтын барлық мамандықтар ауылдарда еңбекпен өтейтін тізімге енгізілуі тиіс деп ойлаймыз. Ал өкілетті органдар жергілікті жерлерле оларды жұмыспен қамтамасыз етуі тиіс. Бұл өз кезегінде шаруашылық субъектілер үшін кадрлық резервті құруға, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың аппараттары мен басқа да құрылымдарға мамандарды тартуға жол ашар еді», - деді Р. Ким.


 




Көрілген: 589    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.02.2019, 18:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Сәуір, 10:35
    Жыл басы – Наурыз

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31