Жаңалықтар

Грантпен оқыған түлектер ауылда жұмыс істеуге құлықсыз

  • https://www.azattyq.org/

    https://www.azattyq.org/

Ел экономикасының күретамыры – ауыл шаруашылығы саласына сай мамандар даярлау бүгінгінің өзекті мәселесіне айналып отыр. Сарапшы мамандар көкейкесті мәселенің негізгі себептерін оқу орындарында теориялық және практикалық базаның толыққанды жасақталмағанымен байланыстырады. Қазіргі кезде инженер, механик, оператор, агроном, мал дәрігері сияқты мамандықты игеруге қызығушылық білдіретіндер үшін әмбебап білімнің маңызы зор.

 

Олай деп отырғанымыз, цифр­лық технологиялар ауыл шаруа­шылығы саласы мамандарына жаңа талаптар жүктеп, техникалық білімі жоғары, агрономияны жетік меңгерген ІТ мамандар, маркетолог, инновация сарапшысы, сату менеджері сияқты біліктілігі жо­ға­ры мамандардың саланы алға сүйрейтініне сенім артады. Яғни еңбек нарығының басты талабы – өндіріске инновациялық технологияларды енгізу, ойы озық, заман талабына сай кадрларды даярлау.

 

Осы орайда сарапшылар озық ойлы мамандарды ауылға тарту мәселесінде тың стратегия қа­жет­тігін айтады. Деректер жоға­ры оқу орнын мемлекеттік грант­пен бітірген түлектердің бо­лар-болмас көрсеткішінің ғана ауыл­да жұмыс істеуге ықыласты еке­нін көрсетіп отыр. Сегіз сектор бойынша жемқорлыққа қар­сы жүргізілген мониторинг нәти­жесінде аграрлық бағыттағы ма­ман­дардың өз кәсібімен жұмыс істе­мей­тіні, яғни мемлекеттік грант есе­бінен оқыған түлектердің 9,6 па­йызы ғана жұмыс істейтіні анық­талған. Бүгінде жергілікті атқарушы органдар деректері бойынша, агроном, мал дәрігері, инженер-механик, технолог мамандарына сұраныс жоғары. Ауыл шаруашылығы министрлігі деректері бойынша, өткен жылы бітірген 4 206 түлектің 60 пайызға жуығы ғана жұмысқа орналасқан. Ал жыл сайын 3 мыңға жуық ма­манға сұраныс байқалады. Осы­ған байланысты тиісті ми­нистр­лік жергілікті органдарға бітіру­ші түлектер үшін жағдай жасау қа­жеттігі жүктеліп, ауыл квотасы­на қатыс­ты мәселе тұрақты көтеріліп келеді. Ал өткен жылдың он айын­­дағы көрсеткіші бойынша ауыл ша­­руашылығы саласындағы элек­т­­ронды еңбек биржасында 50 мың­­нан аса бос жұмыс орны жа­рия­­ла­нып, механизация сала­сын­дағы мамандарға сұраныс артқан.

 

Ауыл шаруашылығы маман­дары­ның ауылдарда тұрақтап қалуына байланысты Ұлттық аг­рарлық ғылыми-білім беру ор­­та­лығы тарапынан тұшымды пі­кір айтылған болатын. Яғни бо­­лашақ аграршылардың басқа сала­ға әрі елден кетпеуі үшін кре­дит­ті оқу жүйесінің маңызы зор. Бұл жағ­дайда оқу орнын бітір­ген тү­лек кем дегенде үш жыл ауылға қызмет етуге мүдделі. Осы тұста соңғы жылдарда ауыл ша­руашылығы ғылымымен ай­на­лысатын мамандардың саны кеміп, ғылыми дәрежесі бар ға­лым­дардың орташа жасы – 50-57-ні, бас ғылыми қызметкерлердің орташа жасы – 60-65 жас, жетекші және аға ғылыми қызметкерлердің – 50-54 жас, кіші ғылыми қыз­мет­кер 30 жастың шамасында екені де ескерілгені абзал. Отан­дық ғылымның қартайып бара жатқаны – ғалымдар тарапынан үнемі айтылып жүрген түйткілді мәселе. Дегенмен сарапшылардың бір парасы мамандарға әлеуметтік жағдай жасалмай, қандай да бір талаптарды енгізу қисынсыз екенін айтады. Бұл үшін ауыл шаруашылығы дамыған елдер тәжірибесінде озық үлгілерді де басшылыққа алу маңызды. Яғни алдағы уақытта ауыл шаруа­шы­лығы саласына кәсіби маман­дарды тарту мәселесіне жіті көңіл бөле отырып, кешенді бағ­дар­лама жасау қажет. Ол үшін ауыл шаруашылығы секторының жаңа технологиялармен жабдықталуы, мамандар еңбекақысының жо­ғары болуы сияқты бір-бірінен бөле жарып қарауға болмайтын мәсе­лелер ескерілуі қажет.

 

Қазіргі таңда цифрлы техно­логияның дендеп енуі мен жүйе­лердің автоматтандырылуы ең­бек нарығына көптеген өзгеріс әке­луде. Осы орайда кейбір ма­­ман­дықтар керексіз болып, жаңасы пайда болуда. Шағын өн­дірістердің өзі автоматтандырылуда. Деректер бойынша бү­гінде салада он жаңа мамандық ашылса, он шақтысы жойылудың алдында тұр. Роботтехник, жер және су ресурстарымен айналысатын IT-инженер, агроном-экономист, цифрлы агроном, ауыл шаруашылығындағы жаңа технологиялар жөніндегі маман, тағы басқа мамандықтар салада сұранысқа ие кәсіп дейтін болсақ, жергілікті жерлерде ең­бек нарығына, әсіресе ауыл шаруа­шылығы мамандықтарына мони­торинг кезең-кезеңімен жаса­лып отырғаны маңызды. Оның нәти­жесі саладағы түйткіл­ді жайт­тардың дер кезінде анық­та­луына мүмкіндік береді. Ал бо­ла­шағын ауылмен байланысты­р­ығысы келетін кәсіби мамандарға жағдай жасаудың тетіктерін қарастыру – уақыт күттірмейтін мәселе.

 

 

 

 

egemen.kz




Көрілген: 232    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 18.08.2021, 08:26

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қазан, 00:34
    Ұстаз мерейі
    24 Қыркүйек, 17:13
    Табиғаттың өзі емші!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31