Жаңалықтар

Ғылымға бөлінген 623 миллион теңге тиімсіз пайдаланылған

  • © astanatv.kz

    © astanatv.kz

Ғылымға бөлінген 623 миллион теңге тиімсіз пайдаланылған. 59 миллион теңге көлемінде қаржылық құқық бұзушылық анықталды.


Білім және ғылым министрлігіндегі былықтар туралы Республикалық бюджетті бақылау жөніндегі есеп комитеті мәлімдеді.


Абай СЕЙФУЛЛА, ТІЛШІ:


- Ғылымға бюджеттен қыруар қаржы бөлінгенімен нәтиже аз. Ғылыми зерттеулер тәжірибе жүзінде жүзеге аспайды. Есеп комитетінің төрайымы биылғы жылы 95 ғылыми жобаға бөлінген 7 млрд теңге қайда кетті деген сауал тастады.


Наталья ГОДУНОВА, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ ЕСЕП КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ:


- Біздің есептеуіміз бойынша 7 млдр теңге игерусіз қалып отыр. Бұл ақшаға 600 орындық мектеп салуға болады. Ал, сіздерде ол жай ғана пайдаланусыз тұр, ал мемлекет сол үшін төлеп жатыр.


Көңіл қуантатын жаңалықтар да жоқ емес. Отандық ғалымдар жыл бойына шетелдік компанияларға 182 млн теңгеге 16 жоба сатып үлгерген. «Ғылыми зерттеуді жүзеге асыруға берілетін уақыт 1 жылдан 3 жылға созылған. Бұл ғалымдар үшін үлкен жетістік»-дейді вице министр.


Асхат Аймағамбетов, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:


- Бізде ғылымды қаржыландыру тек бір жылға болған. Бір жылдың ішінде үлкен зерттеуді өткізу өте қиын. Біраз уақыт алады. Біз 2018 жылдан бастап жаңа форматқа көштік. Сондықтан барлық ғылымды қаржыландыру мәселесі 3 жылға созылады. 3 жылға келісімшартқа қол қоямыз.


Ал, келер жылдан бастап ғылыми-зерттеу институтаттарын қаржыландыру жүйесі өзгереді. Ғалымдар жұмысына қажетті қаржының жыл басында 50 пайызын, ортасында 40, кейін 10 пайызын алатын болды. Бұрын алғашқы төлем тек 30 пайызды құрайтын.


Абай СЕЙФУЛЛА, ТІЛШІ:


- Ғылым саласына бөлінген қаржының игерілуінде жүйелік проблемалар мен түсініспеушіліктер де көп. Сондықтан, бүгінгі айтылған цифрлар есеп комитетімен қайта қаралатын болып шешілді.


 astanatv.kz




Көрілген: 1062    Пікірлер: 0

жұма, 28.12.2018, 10:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Сәуір, 10:35
    Жыл басы – Наурыз
    13 Ақпан, 15:34
    Жырлайды жүрек
    17 Қаңтар, 19:01
    Шығыстың қос шыңы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31