Жаңалықтар

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде Михаил Дорофеев атындағы аудитория ашылды

  • Баспасөз қызметі

    Баспасөз қызметі

Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің гуманитарлық ғылымдар және өнер факультетінде белгілі қазақстандық журналист, ҚР Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығының лауреаты, Қазақстан Журналистика академиясының академигі Дорофеев Михаил Викторович атындағы аудиторияның ашылуы өтті. Іс-шара Халықаралық студенттер күніне орайластырылған.

 

 

Онлайн форматта өткен ашылу салтанатына ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, Атырау облысы әкімінің орынбасары Нариман Таушов, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ректоры Саламат Ыдырысов, Михаил Дорофеевтің әріптестері мен топтастары қатысты.

 

Министр Аида Балаева өз сөзінде Михаил Викторович қашанда өзінің азаматтық ұстанымына берік, кәсіби қызметіне адал, айналасына сыйлы және әріптестеріне үлгі азамат болғандығын атап өтті.

 

 

«Сондықтан осындай сыйлы да құрметті зиялы азаматтың есімі аудиторияға берілуі – бұл біріншіден, арамыздан кеткен әріптесімізге деген құрмет. Екіншіден, бұл студенттер мен оқытушылар үшін үлкен жауапкершілік. Осы аудиторияда білім алатын әрбір студент сыйлы азаматтың есімін лайықты деңгейде алып жүреді деп сенім білдіремін. Өйткені Михаил Викторович кейінгі буын жас журналистерге өзінің еңбегімен, кәсіби ісімен қашанда үлгі өнеге бола білді», - деді.

 

 

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, құрметті журналисі, Атырау облысының журналистика ардагері                        Любовь Монастырская да естеліктерімен бөлісті.

 

Михаил Дорофеев Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің түлегі болғандығын атап өткен жөн. Ол өңірлік және республикалық БАҚ-та табысты еңбек еткен, телеарналарда менеджерлік позициялар атқарған, сондай-ақ ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі болған

 

 

 

 

 




Көрілген: 501    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 17.11.2021, 19:49

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31