Жаңалықтар

Халықаралық деңгейдегі іс-шара

  • https://www.youtube.com

    https://www.youtube.com

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 2021 жылды – Тәуелсіздіктің 30 жылдығы ретінде жариялады. Бұл – жаңа мемлекет құруға атсалысқан бүкіл Қазақстан халқының ерен еңбегінің тарихи шежіресі, барша Қазақстан халқына тағылымды кезең, ортақ өнегелі өлшем болып табылады.

 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнайы "Рухани жаңғыру" мемлекеттік бағдарламасы аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетіндегі шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушыларының ұйымдастыруымен «Қазақстанға қош келдіңіз!» атты онлайн форматтағы мерекелік іс-шара халықаралық деңгейде өтті.

 

Бұл мереке әлемнің әр елінен келген ұлт өкілдеріне тіл меңгертіп, қазақ халқының салт-дәстүрін, ата тарихын дәріптеп, жаңалыққа толы, инновациялық дамудың әдіс-тәсілдерін меңгеріп жатқан ұстаздар еңбегін елге таныту мақсатында өтіп, кафедра жұмысының нәтижесін кеңінен таныстыруға зор мүмкіндік берді.

 

Ұлттың дамуы – білім құндылықтарынан бастау алады десек, осыдан 35 жыл бұрын бой көтерген біздің кафедра бүгінде шетелдік жастарға лайықты білім беріп, тәрбиелеп, сара жолға салатын білім мекеніне, университетіміздегі ең беделді кафедраның біріне айналды. Тамыры бекіген кафедрамыз бүгінгі күнде көркейіп, озық та инновациялық технологиялар мен білікті қызметкерлердің ерен еңбегінің арқасында жаңару үстіндегі білім мекеніне айналып, дамуын жалғастыруда. 

 

Іс-шараға әлемнен Қазақстанда тіл үйреніп, білім алғысы келетін шетелдік азаматтар және әр елдің консулдығы мен білім-мәдени орталықтар, шетелдік компаниялар өкілдері, шетелдегі жоғары оқу орындарынан қонақтар қатысты.  

 

Бұл іс-шараны университетіміздің халықаралық қатынастар департаментінің директоры Смаилова Айжан Болатханқызы салтанатты түрде ашып, қонақтарға және шетелдік талапкерлерге университетіміздің тарихы, осында білім алу келешегі туралы және факультет, кафедра тарихынан сөз қозғай отырып, күні бүгінге дейінгі жетістіктерін айтып, кафедраның қазіргі таңдағы орны мен маңыздылығына тоқталып өтті. ЖОО дейінгі білім беру факультетінің деканы Жаппасов Жарылқасын Еркінұлы осы мерекеге арналған кіріспе сөз сөйлеп, кафедра туралы, оқу үдерісін, студенттік өмірді ұйымдастыру жайында сөзге тиек етті. Қазақстандағы Россотрудничество өкілдігінің жетекшісі-ұйымдастыру комитетінің тең төрағасы Коропченко Алексей Анатольевич және университетіміздің тәрбие жұмысы жөніндегі департамент директоры Есимова Жұлдыз Дәпенқызы құттықтау сөз сөйлеп, өз жылы лебіздерін білдірді.

 

Іс-шарада қазақ және орыс тілдерінен І Халықаралық онлайн олимпиада қорытындылары айтылып, жеңімпаздар жарияланды. Сондай-ақ, VІІІ Халықаралық Фараби оқуларының аясында өткен студенттер мен жас ғалымдардың ХХХVІ халықаралық ғылыми конференциясының белсенді қатысушылары атап өтілді.

 

Іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасты. Концерттік бағдарламаға Қытай, Корея, Ауғанстан, Түркия, Италия, Испания, Швейцария, Жапония және басқа да елдерден қазақ және орыс тілдерін онлайн оқып жатқан шетелдік студенттер қатысып, ән орындап, өз тілдерінде атақты ақындарының өлеңдерін мәнерлеп оқи отырып, қазақ және орыс тілдерін меңгерген деңгейлерін, өз білімдерін, өнерлерін көрсете білді. Студенттер орыс және қазақ тілдерін меңгерудегі өз жетістіктері туралы мақтанышпен айтып, өз оқытушыларына алғыс білдірді. Шетелдік студенттер мен оқытушылар дайындаған концерттік нөмірлер жиналған жұртшылық көңілінен шықты.

 

Бұл шетелдік студенттердің рухани-мәдени білімдерін көтерудің өзгеше формасы, әрі шетелдік студенттердің ой-танымын қалыптастырудың негізі болар бірден-бір жақсы әрі маңызды іс-шара болды.

 

 

А.Е. Саденова 

Әл-Фараби атындағы ҚҰУ

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы




Көрілген: 354    Пікірлер: 0

бейсенбі, 15.04.2021, 17:50

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Наурыз, 16:06
    Тарихи күн

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31