Жаңалықтар

Халықаралық студенттер конференциясы онлайн түрде өтті

  • https://alashainasy.kz/

    https://alashainasy.kz/

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың (www.kaznu.kz) жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің деңгейінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң «ҮІ Халықаралық Фараби оқулары» аясында халықаралық студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби Әлемі» атты ғылыми конференциясы ұйымдастырылды.

 

Бұл конференция арнайы мамандандырылған интернет-платформалары арқылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушыларының ұйымдастыруымен және Қытай, Корея, Ауғанстан, Түркия, Филиппин, Германия, Испания, Швейцария, Жапония және басқа да елдерден қазақ және орыс тілдерін оқып жатқан шетелдік студенттердің онлайн түрде қатысуымен қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде онлайн түрде студенттер конференциясы өткізілді.

 

Бұл Халықаралық студенттер конференциясы кафедра жұмысының нәтижесін көпшілікке кеңінен таныстыруға зор мүмкіндік берді. Шетелдік студенттер осы халықаралық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференциясына белсене қатысып, өз білімдерін көрсетті.

 

 

Конференция жұмысы жаратылыстану-математика, гуманитарлық, медицина-биологиялық және техникалық ғылым салаларының түрлі бағыттары бойынша өткізілді. Әртүрлі кең көлемдегі мәселелерді қамтитын және ғылыми өзекті болып табылатын ауқымды тақырыптардағы мақалалар тыңдалып, қызу талқыланды.

 

Конференцияға дүние жүзінен 57 елдің (Қазақстан, Ауғанстан, Испания, Жапония, Сомали, АҚШ, Монғолия, Қытай, Оңтүстік Корея, Түркменстан, Швейцария, Италия Франция, Туркия, Германия, Иран) жоғары оқу орындарынан 74 шетелдік студент қатысты.

 

Конференцияға барлық қатысушылар рет-ретімен өз баяндамаларын оқыды, әртүрлі тың тақырыптар тыңдалды, баяндамашылар баяндама барысында туындаған сұрақтарға жауап берді. Конференция барысында студенттер тарапынан бірқатар құнды пікірлер, ұсыныстар айтылды.

 

 

Баяндамаларымен қатысушы шетелдік студенттердің дайындықтарының жоғары деңгейде болғанын атап өтуге болады. Ғылыми жоғары деңгейдегі баяндамалар І,2,3 орындарға ие болды.

 

«Фараби Әлемі» атты халықаралық студенттердің ғылыми конференциясы ғылыми-мәдени диалог түрінде шетелдік студенттердің өздерінің белсенді қатысуымен жоғары деңгейде өтті.

 

Ж.Е. Жаппасов., А.Е. Саденова.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті

 




Көрілген: 395    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.04.2020, 15:18

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Маусым, 15:52
    Балаларға базарлық!
    23 Сәуір, 15:14
    Жеңіс күні

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30