Жаңалықтар

Халықаралық студенттер конференциясы өтті

  • https://alashainasy.kz/

    https://alashainasy.kz/

Қазақстандағы жоғары білім берудің флагманы, ғылым мен білімнің тұнығына айналған оқу ордасы – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 85 жылдық мерейтойлық жылында, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың (www.kaznu.kz) жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің деңгейінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң «ҮІ Халықаралық Фараби оқулары» аясында халықаралық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференциясы ұйымдастырылды.


Конференция «Ғылымдағы студент – болашақтың зияткерлік әлеуеті» атты тақырыпта өтті.



Осы уақытқа дейін кафедраның ғылыми базасы дамып, қасиетті қарашаңырақ аясында көптеген жас мамандарының топшысын қатайтып, қияға самғатты. Бұл Халықаралық студенттер конференциясы кафедра жұмысының нәтижесін көпшілікке кеңінен таныстыруға зор мүмкіндік берді. Әлемнің әр түкпірінен келген жүздері басқа болғанмен жүректері білім мен өнерге құштар, тілдері басқа болғанмен тілектері тоғысқан жастар осы халықаралық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференциясына белсене қатысып, өз білімдерін көрсетті.



Конференция жұмысы жаратылыстану-математика, гуманитарлық, медицина-биологиялық және техникалық ғылым салаларының түрлі бағыттары бойынша өткізілді. Әртүрлі кең көлемдегі мәселелерді қамтитын және ғылыми өзекті болып табылатын ауқымды тақырыптардағы мақалалар тыңдалып, қызу талқыланды.


Конференцияға 17 елдің (Қазақстан, Ауғанстан, Испания, Жапония, Ангола, АҚШ, Монғолия, Қытай, Ливан, Оңтүстік Корея, Азербайжан, Марокко, Швейцария, Вьетнам, Туркия, Германия, Иран) 14 жоғары оқу орындарынан 67 шетелдік студент пен жас ғалымдар қатысты.



Конференцияға барлық қатысушы, әлемнің әр елінен келген ұлт өкілдері рет-ретімен өз баяндамаларын оқыды, әртүрлі тың тақырыптар тыңдалды, баяндамашылар баяндама барысында туындаған сұрақтарға жауап берді. Конференция барысында студенттер тарапынан бірқатар құнды пікірлер, ұсыныстар айтылды.


Баяндамаларымен қатысушы шетелдік студенттер мен магистранттардың дайындықтарының жоғары деңгейде болғанын атап өтуге болады. Ғылыми жоғары деңгейдегі баяндамалар І,2,3 орындарға ие болды.



«Ғылымдағы студент – болашақтың зияткерлік әлеуеті» атты халықаралық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференциясы ғылыми-мәдени диалог түрінде шетелдік студенттердің өздерінің белсенді қатысуымен жоғары деңгейде өтті.


Саденова А.Е., Курманова Т.В.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары.


 




Көрілген: 801    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 10.04.2019, 12:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Сәуір, 10:35
    Жыл басы – Наурыз

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31