Жаңалықтар

Илон Маск қазақстандық студенттермен онлайн-кездесу өткізеді

  • Илон Маск қазақстандық студенттермен онлайн-кездесу өткізеді

    Илон Маск қазақстандық студенттермен онлайн-кездесу өткізеді

Tesla мен SpaceX басшысы, америкалық миллиардер Илон Маск мамыр айында қазақстан студенттермен сөйлеседі. Онымен кездесу жайлы келісімге келу үшін жеті ай уақыт жұмсалды, деп хабарлайды  Stan.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу ZOOM платформасында онлайн режимінде өтеді. Бұл үшін кәсіпкер 15 минут уақытын бөледі.

 
«Мен Еуропалық экономика, бизнес және құқық жоғары колледжінің негізін қалаушымын. Қашықтықтан оқыту басталған кезде студенттер оқуға деген қызығушылықтарын жоғалтпауы үшін біз шетелдік мұғалімдерді тарта бастадық. Олар апта сайын дәрістер оқыды.

Өткен қыркүйекте біз Илон Маскты шақырған едік. Бәрі оңай және тез өтеді деп ойладым, біз онымен байланыса бастадық, бірақ, өкінішке қарай, келісім жеті айға созылды. Күні кеше ғана ол студенттермен 15-20 минут кездесуге дайын деген жауап алдық. Оның кестесі бір жылға жоспарланған», - деді Талғат Төремұратов.

Ұйымдастырушы бұл қазақстандық студенттер үшін жақсы мотивация екенін атап өтті. Енді онымен кездесуді қалайтын студенттер санын арттыруды жоспарлап отыр. Еуропалық экономика, бизнес және құқық жоғары колледжінің студенттері ғана емес, басқа студенттер де қатыса алады.

«Кездесу 1 мамырда өтеді. Біз студенттердің технология, бизнес саласында бірнеше сұрақтар қойса екен дейміз», - деп қосты Талғат Төремұратов.

Tesla және SpaceX компанияларының негізін қалаушы Илон Маск қазір Техаста жаңа қала құрып жатқанын мәлімдеді. Маск Калифорниядағы табыс салығының көптігіне байланысты көшу туралы шешім қабылдаған болуы мүмкін, ал Техасқа көшу миллиардтаған доллар үнемдеуге мүмкіндік береді.




Көрілген: 242    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 10.03.2021, 18:46

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Наурыз, 16:06
    Тарихи күн

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31