Instagram-да жаңа функция іске қосылды

23 қазан 2021, 13:54

Instagram әлеуметтік желісінде фото және видео жүктеудің жаңа тәсілі пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ .

"Біз осы функцияны іске қосқанымызға қуаныштымыз. Енді сіздер фото және ұзақтығы бір минутқа дейінгі видеоны браузер арқылы Instagram-ға тікелей жүктей аласыздар", - деп хабарлады әлеуметтік желінің баспасөз қызметі Twitter парақшасында. 

Айта кетсек, бұған дейін компьютермен Instagram-ға кіретіндер тек фото-видеолар мен stories көріп, лүпіл басып, пікір қалдыра алатын. Ал басқа мүмкіндіктер тек мобильді қосымшада қолжетімді болған еді. 

KAZ.NUR.KZ .