"Жағы сынған". Атырауда әлімжеттіктен зардап шеккен оқушы ауыр жағдайда жатыр

26 сәуір 2022, 18:29

Атырауда №36 мектептің жоғары сынып оқушылары өздерінен төменгі сыныптағы баланы ұрған. Таяқ жеген оқушы ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Экспресс К-ға сілтеме жасап.

Төменгі сыныптағы баланы жоғары сыныптың жеті бірдей оқушысы жабылып ұрған. Осыдан кейін баланың жағы сыныпты.

 

Таяқ жеп, есінен танып қалған оқушыға мектепте алғашқы медициналық көмек көрсететін медбике де табылмаған. Ең сорақысы, баланың жағын қалыпқа келтіретін бет хирургі Атырау облысында жоқ болып шықты. Сондықтан ауыр хәлдегі мектеп оқушысын ата-анасы көрші Батыс Қазақстан облысына алып кеткен.

 

Атырау қаласы білім бөлімі оқиғаға байланысты мектепте түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, мектеп директоры мен әкімшілігіне тәртіптік шара қолданды. Оқушының жағдайы бақылауға алынды, — дейді қалалық білім бөліміндегілер.

 

Полиция бұл оқиғаға қатысты тексеру жұмыстарын бастап кетті.