Жаһандық жастар туризмі саммитіне Қазақстан атынан екі оқушы қатысады

17 маусым 2022, 18:37

Қазақстандық екі оқушы Әбдірахман Серікқали мен Динара Замантаева Италияның Сорренто қаласында өтетін ЮНВТО жаһандық жастар туризмі саммитінде еліміз атынан өнер көрсетеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың айтуынша, қос оқушы өте дарынды әрі талантты.

 

«...Екеуі де оқуларында озат, ана тілінде еркін сөйлейді, ағылшыншалары судай.

Абдрахман тіпті, киноға түсіп, PVE киноакадемиясының «Үздік ер адам рөлі» номинациясының жеңімпазы атанып та үлгерген.

«Жасанды интеллект» тақырыбында жеке жоба да қорғап тастаған. Суға жүзуді ұнатады екен.

Ал Динара болса – өзі оқып жатқан мектептің Президенті. Бірнеше мәрте республикалық пікірсайыс турнирлерінің жеңімпазы, волонтер, ЮНЕСКО клубтары ұлттық федерациясының мүшесі.

Бір сөзбен айтқанда екеуі де алғыр, білімді, нағыз зияткер оқушылар.

Осындай жастарымыз барда еліміздің ертеңіне қашанда сеніммен қарауға болады», - деп жазды министр Facebook-те.