Жәкула Күшікұлы атындағы аудандық олимпиада өтті (фото)

Жәкула Күшікұлы атындағы аудандық олимпиада өтті (фото)

Жылдағы дәстүр бойынша биыл да Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қоры қазақтан шыққан алғашқы дәрігерлердің бірі Жәкула Күшікұлы атындағы аудандық олимпиаданы абыроймен өткізді. Білім жарысы 13 наурыз күні өтті.

Биылғы аудандық олимпиада ШҚО Тарбағатай ауданы, Қызыл кесік ауылы, «Би Боранбай атындағы орта мектебінде аудан көлемінде өткізілді. Естеріңізде болса, Жәкула Күшікұлы атындағы олимпиада ең алғаш рет 2012 жылы Асқар Жакулиннің өз бастамасымен осы «Би Боранбай атындағы орта мектебінде» жоғары сынып оқушыларының арасында ұйымдастырылған еді. Сол кезде белгілі кәсіпкер, ұлт жанашыры, білімді азамат Асқар Жакулин жарысты өзінің атасы Жәкула Күшікұлының құрметіне орай өткізген болатын. Асқар мырза өмірден озғаннан кейін оның осы ісін Асқар Жакулин атындағы қор қолға алып, олимпиаданы жыл сайын өткізіп тұруды дәстүрге айналдырды. Алғаш аудандық деңгейде өткізілген олимпиада соңғы жылдары облыстық деңгейге көтерілді. Былтыр облыстық деңгейге көтеріліп алғаш рет Өскемен қаласындағы химия-биология бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебінде» өткізілді.

Химия-биология пәндері бойынша өткен білім додасына осы жолы 86 оқушы қатысты. Екі ауылдың оқушылары ауа-райының қолайсыздығы мен жолдың нашарлығына байланысты олимпиадаға келе алмай қалды. Қайырымдылық қорының атынан Мұхамадиева Назым Әкімбекқызы және Асқар ағаның бауыры Ертуған Төлендіұлы арнайы барып, жеңімпаздарды құттықтады. Бірінші орын алған 6 оқушыға Алматы қаласына 5 күндік демалыс жолдамасы табыс етілді. Олар сәуір айында Алматыға келіп,алдымен жоғарғы оқу орындарымен танысып кейін Алматының әсем жерлерін аралайды. Жолдама сыйлаудың мақсаты да осы болатын, жоғарғы сынып оқушыларына бағыт бағдар беріп, алдағы жылы оқу орнын дұрыс таңдау. Бірінші, екінші орынды иеленген 18 оқушы облыстық олимпиадаға жолдама алды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, білім додасы өте тартысты әрі әділ өтті.

Қайырымдылық қорының осы жарысты ұйымдастырудағы негізгі мақсаты – химия-биология, медицина бағытында балалардың білімін тереңдетіп, өскелең ұрпақтың осы сала бойынша жетістіктерге жетуіне мұрындық болу. Ендеше қор қызметкерлерінің еңбегі жанып, білімді жастар көбейе бергей!

Айнұр Сенбаева

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста