Жаңалықтар

Жамбылда 3 мыңнан астам ұстаз біліктілік тестінен өте алмады

  • © egemen.kz

    © egemen.kz

Жамбыл облысындағы білім ұйымдарына берілген нұсқаманың орындалмауына байланысты 9 әкімшілік іс қозғалған. Нәтижесінде 4 мектептің материалдық-техникалық базасы талапқа сай еместігі мен бірнеше мұғалімнің шетелде оқығаны туралы дипломының  нострификациясы  жоқтығына байланысты 320 870,0 теңге көлемінде айыппұл салынған. Ал 5 мектептің ісі сотқа жолданған.

 

Бұл жайында Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысы Дамеш  Ускумбаева баян етті. Оның сөзіне сүйенсек, олқылыққа жол берген мектептердің дені Талас, Жуалы сынды  аудандарда тіркелген екен.

 

Тағы бір мәселе – кейінгі жылдары  Мемлекет басшысының тапсырмасымен мұғалімдердің айлық жалақысы айтарлықтай артқаны белгілі. Алайда олардың біліктілігі соған сай ма?

 

 «Ұлттық біліктілік тестілеуге 4528 педагог қатысса, оның 1410-і шекті деңгейден өту балын алды. Ал  3118-і шекті деңгейден өтпеді. Сонымен қатар  тестілеу кезінде тыйым салынған заттарды пайдаланған 38 педагог тесттен шығарылып, 24 мұғалімнің  12-не  «ескерту», 11-не «сөгіс» және 1-не «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды», –  дейді Д.Ускумбаева.

 

aikyn.kz/




Көрілген: 302    Пікірлер: 0

бейсенбі, 01.04.2021, 19:23

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Наурыз, 16:06
    Тарихи күн

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31