Жаңалықтар

Жаңа форматтағы «Болашақ» стипендиясының иегерлері анықталды

  • Жаңа форматтағы «Болашақ» стипендиясының иегерлері анықталды

    Жаңа форматтағы «Болашақ» стипендиясының иегерлері анықталды

«Болашақ» халықаралық стипендиясына ие болған үміткерлер тізімі жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов өзінің Facebook-тегі парақшасында жариялаған.

Ең алдымен вице-министр халықаралық стипендияны тағайындауда әділдік пен ашықтық қамтамасыз ету жолында жасалған басты қадамдарға тоқталып өтті.

"Стипендиаттарды іріктеу Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу үлгісі бойынша толығымен автоматтандырылған. Конкурстық іріктеудің әр кезеңі прокторинг жүйесі арқылы цифрландырылған және бейнетіркеуге алынды. Біз кешенді тестілеу мен сұхбаттасу процесін өткізу тәсілін сапалы етіп өзгерттік. Үміткерлер оқу орнына өз бетімен түсуі тиіс, сондықтан пәндік сұрақтар қойып, тексерудің қажеті жоқ. Оның орнына біз үміткерлердің талдау, сыни ойлау, фактілерді түсіндіру дағдыларын және ерекше жағдайларда бейімделу қабілеттерін бағалауға назар аудардық" - деді М. Дәуленов.

Айтуынша, республикалық комиссияның шешімімен «Болашақ» стипендиясы 106 үміткерге берілді.

"Тағы бір басты жаңалық, барлық стипендианттың білім алу барысы бойынша мониторинг Халықаралық бағдарламалар орталығының жаңа порталында цифрлық форматта жүзеге асырылатын болады. Енді стипендиаттарға жарты жылда бір рет транскриптерді сканерлеудің, есептер жазудың және анықтамалар жіберудің қажеті жоқ. Барлық дерек блокчейн технологиясына негізделген жүйеде жиналады. Ал сол жүйедегі кез келген өзгерістер автоматты режимде тіркеліп, сақталады. Бұл стипендианттарға қатысты ақпараттың негізсіз өзгеруіне жол бермейді", - дейді ол. Стипендиаттардың толық тізімімен мына сілтеме арқылы көруге болады. 




Көрілген: 265    Пікірлер: 0

сенбі, 19.09.2020, 22:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31