Жаңалықтар

Жаңа қаулы: Елордада биылғы оқу жылы қандай тәртіппен басталады

  • Жаңа қаулы: Елордада биылғы оқу жылы қандай тәртіппен басталады

    Жаңа қаулы: Елордада биылғы оқу жылы қандай тәртіппен басталады

Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы бойынша жаңа оқу жылындағы білім беру тәртібі белгіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«ҚР Бас санитар дәрігерінің № 36 қаулысы бойынша 2021-2022 оқу жылында барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында мынадай шарттардың сақталуымен штаттық форматта оқытуға рұқсат етілсін», - деп жазылған құжат мәтінінде.

Ол үшін: - педагогтер мен персоналдың 100% вакциналануы; - педагогтерді, персоналды, ата-аналарды (заңды өкілдерді), 18 және одан жоғары жастағы білім алатын келушілерді ұйымға кіру кезінде «Ashyq» қосымшасы арқылы (QR-код (check-in) тіркеу; - маска режимін сақтау; - рециркуляторлардың, санитайзерлердің, тері антисептиктерінің, дезинфекциялау және жуу құралдарының жеткілікті санымен қамтамасыз ету; - үй-жайларды жинау және дезинфекциялау жиілігін арттыру; - үй-жайларды ылғалды жинау және дезинфекциялау, үй-жайлардың ауасын желдету және зарарсыздандыру режиміне қойылатын талаптарды сақтау; - педагогтердің, персоналдың және білім алушылардың күнделікті «кіру» сүзгісін қолдануы; - мәдени, тәрбие, сыныптан тыс шаралар мен ата-аналар жиналыстарын офлайн өткізуге тыйым салу; - мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында топтар мен сыныптарды біріктіре отырып іс-шаралар өткізуге тыйым салу; - зертханалық, практикалық сабақтарды қоспағанда, кабинеттік оқыту жүйесін болдырмау; - бастауыш, орта және жоғары сынып оқушыларын бөлек ұстау; - асханадағы ауа рециркуляторларының қондырғыларын қамтамасыз ете отырып, тамақтануды ұйымдастыру; - бөгде адамдардың кіруіне тыйым сала отырып, COVID-19-ға қарсы вакцина алған студенттерді жатақханаға орналастыру; - оқу орны бойынша аумақтық медициналық ұйымдардың егу пункттерінде COVID-19-ға қарсы вакциналаудың толық курсын аяқтамаған студенттерге вакцинация жүргізу; - шетелдік студенттерде тұрғылықты елдің уәкілетті органымен расталған COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсы болуы; - ҚР Мемлекеттік шекарасынан өткеннен кейін 3 тәуліктен кешіктірмей ПТР әдісімен алынған COVID-19-ға тестілеудің теріс нәтижесі бар болған жағдайда күндізгі оқу форматына жіберу; - медициналық колледждер мен жоғары оқу орындарының білім алушыларына клиникалық базаларға, резидентура базаларына, денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының клиникаларына, университет ауруханасына, интеграцияланған академиялық медициналық орталыққа вакцинациялау паспортымен расталған COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсы бар болған кезде кіруіне рұқсат ету; - педагогтерге, персоналға, ата-аналарға (заңды өкілдерге), келушілерге, студенттерге мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарына, колледждерге, интернаттар мен жатақханаларды, асханалар мен буфеттерді қоса алғанда жоғары оқу орындарына Ashyq қосымшасы арқылы кіру керек. «Карантин енгізуге сараланған тәсіл аясында сыныпта (топта) COVID-19 ауруының 1 жағдайы тіркелген кезде-сынып (топ) 14 күн ішінде үй карантиніне оқшаулауға жатады. Колледждерде, жоғары оқу орындарында топтың 30%-дан астамында COVID-19 тіркелген кезде ағын 14 күн ішінде үй карантиніне оқшаулануға жатады, - деп жазылған қаулыда. Сондай-ақ, мектепке дейінгі ұйымдардың жұмыс кестесі меншік нысанына қарамастан, карантиндік шараларды қатаң сақтай отырып, жұмыс күндері сағат 07:30-дан 18:30-ға дейін деп белгіленді. Ал балаларды дамыту орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған үйірмелердің, білім беру орталықтарының жұмыс кестесі санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтау арылы жұмыс және демалыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін болып белгіленді. Балалар мен ересектерге арналған түзету кабинеттерінің жұмысы алдын ала жазылу бойынша, 15 адамнан артық емес, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс және демалыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге ұйымдастыралтын болды.
ҚазАқпарат




Көрілген: 659    Пікірлер: 0

сенбі, 28.08.2021, 00:58

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қыркүйек, 17:13
    Табиғаттың өзі емші!
    8 Қыркүйек, 17:27
    Жолдауға қолдау

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31