Оқу жылы басталғалы республика бойынша мектепте қызмет ететіндер арасында коронавирус жұқтырудың 241 жағдайы тіркелді.
Жаңа  оқу жылы басталғалы 241 мұғалім коронавирус жұқтырған. Бұл туралы ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова айтты.
«Оқу жылы басталғалы республика бойынша мектепте қызмет ететіндер арасында коронавирус жұқтырудың 241 жағдайы тіркелді. Бұл &ndash еліміздің 17 өңіріндегі мұғалімдер. Әр жағдай қандай мамандық бойынша жұмыс істейтініне қарамастан тексеріледі. Науқаспен байланыста болғандар анықталып, тиісті шаралар қолданылады», &ndash дейді Айжан Есмағамбетова.
Еске сала кетейік, бұған дейін 986 оқушы коронавирус жұқтырғанын жазған болатынбыз.