Жаңалықтар

Жаңа заң білім беру сапасын жақсартуға негіз болуы тиіс – Аймағамбетов

  • Жаңа заң білім беру сапасын жақсартуға негіз болуы тиіс – Аймағамбетов

    Жаңа заң білім беру сапасын жақсартуға негіз болуы тиіс – Аймағамбетов

 "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің қатысуымен Қазақстан Республикасындағы педагог мәртебесін заңнамалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша партия жанындағы Құқықтық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.


Кез келген мемлекеттің бүгіні мен болашағы көбінесе мұғалімнің қоғамдағы мәртебесі және рөлімен анықталады. Тамыз конференциясында сөйлеген сөзінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін педагогтарымыздың мәртебесін арттыруымыз қажет" деп атап айтқан болатын.


Жаңа заң мұғалім мәртебесін көтеріп қана қоймай, сонымен қатар, жалпы білім беру сапасын жақсартуға негіз болуы тиіс, - деді ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Құқықтық кеңестің кеңейтілген отырысында жасаған баяндамасында.

"Педагог мәртебесі туралы" заң жобасы Парламент қабырғасында екі ай бойы қызу талқыланып жатқандығын айта кеткен жөн.

Ведомство басшысының айтуынша, елімізде бүгінгі таңда барлығы жарты миллионнан астам педагог жұмыс істейді. Мұғалімдерді даярлау еліміздегі 85 ЖОО-да жүргізіледі, студенттер саны 149 028 адамды құрайды, олардың 28 747-сі мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алып жатыр.


BAQ.KZ.




Көрілген: 590    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.11.2019, 09:32

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Қараша, 02:44
    Біз жастарға сенеміз
    17 Қыркүйек, 18:06
    Тіл – татулық тірегі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31