Жаңалықтар

Жаңа заңға сәйкес мұғалімдер зейнеткерлікке ерте шыға ма?

  • © Sputnik / Анатолий Устиненко

    © Sputnik / Анатолий Устиненко

"Педагог мәртебесі туралы" заң жобасында ұстаздарды зейнетке ерте жіберу, жеңілдетілген ипотека беру ұсыныстары қарастырылмаған. Бұл туралы бүгін мәжілісте заң жобасын таныстыру барысында белгілі болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


"Педагог мәртебесі туралы" заң жобасын әзірлеу барысында қоғам тарапынан мұғалімдерді еңбек өтіліне қарап, зейнетке ерте шығару туралы ұсыныс түскен еді. Алайда, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, бұл ұсыныс қолдау таппаған.


"Зейнетақы шотында белгілі бір жинағы бар азаматтар үшін зейнетке ерте шығу мүмкіндігі қарастырылғанын білесіздер. Ал мұғалімдерге қатысты айтар болсам, біреулері 20 жылдан кейін, енді бірі 35 жылдан кейін зейнетке шығару керек дейді. Бір-біріне қарама-қайшы пікірлер айтылуда. Қазіргі заң жобасында мұндай норма қарастырылмаған", - деді ол.


Министрліктің ақпаратына сүйенсек, бюджет мүмкіндігін ескере отырып, бірқатар ұсыныс мүдделі мемлекеттік органдарда келісімнен өтпей қалған. Зейнетке ерте шығу, екі еселенген көлемде сауықтыру жәрдемақысын төлеу, педагогтарға арналған жеңілдетілген ипотека, доцент және профессор атақтары үшін қосымша ақы, педагогикалық мамандықтар бойынша білім алатын студенттерге жоғары стипендия төлеу секілді ұсыныстар солардың қатарында.


 




Көрілген: 2382    Пікірлер: 0

бейсенбі, 19.09.2019, 15:38

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 18:06
    Тіл – татулық тірегі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31