Жаңаөзенде дене шынықтыру мұғалімі оқушыларға қол көтерген

24 қараша 2022, 18:40

Жаңаөзендегі №5 лицейдің  дене шынықтыру пәні мұғалімінің оқушыларға қол көтерген видеосы тарады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Ulysmedia.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап жазды.

Бейнежазбадан мұғалімнің дауыс көтергенін, ұлдардың біріне жақындап, оны бірнеше рет ұрғанын көруге болады. Оқиға орта сыныптардың бірінде болғанға ұқсайды.

 

Қалалық білім бөліміндегілер бұл жағдай ерекше бақылауға алынғанын мәлімдеді.

 

"Қазіргі уақытта арнайы комиссия құрылып, тексеру қорытындысы бойынша осы құқық бұзушылықтарға жол берген адамдарға қатысты қатаң шаралар қабылданатын болады", — делінген хабарламада.