Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Жасөспірімдер арасындағы қылмыс: Психолог ата-аналарға кеңес берді

11 желтоқсан 2021, 12:49

Қазақстанда жасөспірімдер арасындағы қылмыс мөлшері азайып келеді. Дегенмен балалар жасаған қылмыстардың 40% ауыр және аса ауыр қылмысқа жатады. Мұндай статистикамен finprom.kz порталы бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап.

Қарағанды облысы жасөспірімдер арасындағы қылмыс саны бойынша бесінші орында. Бұдан бес жыл бұрын жиі жасалатын қылмыстар қатарында ауыр дене жарақатын салу, кісі өлтіру, қарақшылық болса, қазір жастар арасында ұрлық жиілеген. Қылмыс жасайтындардың басым бөлігі 16-17 жас аралығында. 

"Бір нәрсені алғысы келуі мүмкін. Кейде жасөспірім жанжал кезінде жауапкершілікке тартылатынын білмегендіктен дене жарақаттарын салады", - деп мәлімдеді Қарағанды облысы полиция департаментінің ювеналді тобының аға инспекторы Дәурен Әбілдин. 

Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың басым бөлігі Қостанай облысында жасалады. Мұнда қылмыс деңгейі өткен жылмен салыстырғанда көбейген. Ал өзге аймақтарды балалар қылмысының азаяюы үшінші жыл қатарынан байқалған. 

Елімізде жыл басынан бері 800 жасөспірім қылмыстық құқық бұзушылық жасаған. Олардың 700-ге жуығы орта, ауыр және аса ауыр қылмыстар.

Полицейлердің айтуынша, өмір сүру деңгейі мен сана-сезім өзгерген. Бұрын заң бұзған балалардың көпшілігі әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шықса, қазір ауқатты отбасыдан шыққан балалар да жиі қылмысқа баратын болған. Психологтар мұны тәрбиелеу кезінде жіберілетін қателік салдары деп есептейді. Баланың айтқанының барлығын жасау және еркіне жіберу де әсер етеді. Мамандар ата-аналардың баланың ішкі өміріне қызықпауы және  рухани дамуына көмектеспеуі дұрыс емес дейді.

"Отбасында, мектепте өзін түсінбейтін адамдарды таппаған бала қайда барады? Көшеге. Көшеде уақыты көп, спортпен шұғылданбайтын балалар жүреді. Олардың өмірге деген көңілі толмайтыны анық. Барлығы қарсы. Мұндай ортаға тап болған баланың жаман жолға түсері сөзсіз", - дейді психолог Салтанат Ерғожаева. 

Бала тұлғалық деңгейде қалыптаспағанға дейін жаман ортаға ғана емес, өзге діни ағымға да қосу оңай. Мұны болдырмау үшін психологтар баланы ерте жастан бастап үй жұмыстарына баулып, жауапкершілік алуды үйретуге кеңес береді. 

Stan.kz